5 желтоқсан 2018 100

Сәтбаев университетінің студенттері әлем чемпионатында 2 қола медальға ие болды

Сәтбаев университетінің студенттері әлем чемпионатында  2 қола медальға ие болды

Қараша айының соңында Якутияда мас-рестлингтен 2018 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Осы чемпионатқа әлемнің 40 елінің таңдаулы мас-рестлерлері қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командасы жалпы сынақта 6-орын иегері атанып, алғашқы ондыққа кірді. Құрама команданың қатарында біздің студенттер: Шамет Темірлан Нұрланұлы мен Ақылбек Алтын Қалдыбекқызы болды. Спортшылар университеттің намысын әлемдік аренада лайықты қорғап, Алтынның күресі чемпионаттың ең үздік жекпе-жегі болып саналды! Спортшыларымыз өз салмақ дәрежелерінде 3-орын иегерлері атанып, 2 қола жүлдемен оралды!

Спорттық клуб пен дене шынықтыру кафедрасы атынан Ақылбек Алтын мен Шамет Темірланды жоғары спорттық жетістіктерімен құттықтаймыз, келешекте жарқын жеңістер, сәттіліктер және оқуда табыс тілейміз! Ал университет басшылығына сапарды ұйымдастыруда ішінара көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.