18 наурыз 2024 2287

Сәтбаев Университетінің студенттері Қазақстан атынан Пенн штатына баруға дайындала бастады

Сәтбаев Университетінің студенттері Қазақстан атынан Пенн штатына баруға дайындала бастады

Penn State Университетінің халықаралық бағдарламалар деканы Стивен Барнс Сәтбаев Университетінің студенттерімен кездесті. Олар екі университет арасындағы стратегиялық серіктестік аясында «3+1+1» бағдарламасы бойынша Penn State Университетінде оқуды жоспарлап отыр. Стивен Барнс студенттермен әңгімелесіп, оларға шетелде оқу тәжірибесі, студенттік еркіндік жайлы және жастардың Penn State Университетінде оқу кезінде ие болатын артықшылықтары жайлы айтып берді.

– Сіздерді өмірлеріңізді өзгертетін тамаша тәжірибе күтіп тұр, – деді Барнс мырза өз сөзінде. – Бұл тәжірибе сіздерге жақсы маман болуға және еліңізге де, өз отбасыңызға да әсер етуге көмектесетін құрал бола алады. Ал ол жаққа сіздер тек оқу үшін ғана емес, АҚШ еліне Қазақстан өкілі ретінде де барасыз.

Сондай-ақ Барнс мырза студенттерге оқытушылармен қарым-қатынас жасап, таныстарын көбейтуге, олармен жақынырақ араласуға және тынымсыз еңбек етсеңіз, бәрі мүмкін болатынына сенуге кеңес берді. Осыдан кейін ол студенттердің сұрақтарына жауап беріп, бағдарламаға қатысу үшін құжаттарды қалай дұрыс тапсыру керектігін айтып берді.

Сәтбаев Университеті мен PennState университеті әзірлеген бағдарлама Сәтбаев Университетінің студенттерін Penn State университетіне қабылдауды және «3+1+1» форматында оқыту мәселесін қарастырады. Алғашқы үш жылда студенттер Сәтбаев Университетінде кәдімгі бакалавриат бағдарламасы бойынша оқиды. Ал 4-курста олар Penn State штатына барады, оқуды аяқтағаннан кейін түлектер Сәтбаев Университетінің дипломын алады. Егер олар бағдарламаны сәтті аяқтаса, оқуын одан әрі жалғастырып, келесі жылы Американың Penn State University-де магистр дәрежесін алу мүмкіндігіне ие болады. Биыл Сәтбаев Университетінің 23 студенті осы бағдарламаға қатысуға өтініш беруді жоспарлап отыр.

Сәтбаев Университеті мен Penn State (Пенсильвания, АҚШ) 2023 жылдың ақпан айында білім және ғылым саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Penn State – Политехтың көптен бергі серіктесі, АҚШ-тың ең ірі және ең беделді зерттеу университеттерінің бірі, QS рейтингінде ол 83-орын алып отыр. Бірінші кезеңде Сәтбаев Университеті мен Penn State Университеті Engineering, Cyber Security, Material Sciences және тау-кен ісі бағыттары бойынша қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асырады. Келесі қадам – қазақстандық оқытушылардың АҚШ-та тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру болмақ.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту