13 наурыз 2024 1598

Сәтбаев университетінің студенттері мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрі-дәрмекті жылдам уақытта жеткізу үшін гексоптер жасап шығаруда

Сәтбаев университетінің студенттері мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрі-дәрмекті жылдам уақытта жеткізу үшін гексоптер жасап шығаруда

«Электротехника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасында аз қабатты үйлер мен алыс ауылдарға дәрі-дәрмек жеткізуге арналған ұшқышсыз ұшатын аппарат құрастырылды.

Жоба жетекшісі, Сәтбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Абдумежит Дараевтың айтуынша, магистранттар мен студенттер тобы кез келген жағдайда, қолайсыз ауа райында немесе жол талғамайтын жағдайда дәрігерлер жедел медициналық көмек көрсете алатындай гексоптер жасауды өздеріне мақсат етіп қойған.

Дәрі-дәрмекті жеткізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану көлік шығындары мен жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Ол үшін дрон навигацияда өте сенімді, сонымен қатар өз функцияларын қалтқысыз, дәл орындай алатын болуы керек. Сондай-ақ дәрі-дәрмек жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның жүк көтергіш қабілеті де шектеулі болады. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының маневрлік және дәл ұшу қабілеті өте жоғары, сондықтан олар дәрі-дәрмекті ең қиын жерлерге де жеткізуге мүмкіндік береді.

В Satbayev University студенты разрабатывают гексакоптер для оперативной доставки лекарств для людей с ограниченными возможностями

В Satbayev University студенты разрабатывают гексакоптер для оперативной доставки лекарств для людей с ограниченными возможностями

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту