14 наурыз 2024 1542

Университеттің құрдасы: тау-кен мектебінің жарқын өкілі Баян Рақышевтің 90 жылдығына арналған ғылыми конференция басталды

Университеттің құрдасы: тау-кен мектебінің жарқын өкілі Баян Рақышевтің 90 жылдығына арналған ғылыми конференция басталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Сәтбаев Университетінің құрметті ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Баян Рақышевтың ғылыми жұмысына арналған дәстүрлі конференция өз жұмысын бастады. Биыл ғұлама ғалым әрі ұлағатты ұстаз 90 жасқа толып отыр – ол Сәтбаев Университетімен құрдас. Конференцияны университет ректоры Мейрам Бегентаев құттықтау өзінің сөзімен ашты.

– Университеттің құрылғанына 90 жыл және Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларымызды – көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, тамаша ұйымдастырушы және университеттің дарынды түлегі, профессор Баян Рақышевқа құрмет көрсетумен ашып отырғанымызға мен шексіз ризамын. Жас кезінің өзінде ол алдымен шахтада 8 жыл еңбек етіп, кейін ғылымға оралуымен жұртты таң қалдырған болатын. Оның еселі еңбегі мен ғылыми жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалып отыр, оны бүкіл университет таниды, әрі жақсы көреді. Біз оған ұзақ өмір және еңбекте толағай табыс тілейміз», – деді ректор.

 «Экономиканың тұрақты дамуы жағдайында минералды-өнеркәсіптік мега-кешендегі ресурс үнемдейтін технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция екі күн бойы өтеді, ол қауымдастыққа өндірістік жетістіктерді көрсетуге ғана емес, сонымен қатар тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи әзірлемелерге арналған. Конференцияда сөз алған сарапшылар минералдық-өнеркәсіптік мега-кешендегі басым бағыттарды (атап айтқанда, геологиялық және гидрогеологиялық барлау, тау-кен металлургия, тау-кен химия, отын-энергетика, мұнай-газ кешендері және т.б.) іске асырудың инвестициялық және инновациялық стратегияларын қалыптастыру саласындағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Конференцияның төраға орынбасары және модераторы қызметін атқарушы ретінде университеттің Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Ержан Көлдеев сөз сөйледі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту