6 қыркүйек 2018 8227

Ағылшын тілін оқыту қызметіне байқау жарияланды

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлтық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қогамы ғалымдар мен ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметіне байқау жариялайды.

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлтық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қогамы ғалымдар мен ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жариялайды.

Қызмет көрсету мерзімі келісім-шартқа қол қойылған күнінен бастап 18 ай бойы өтеді деп күтілуде және оқу жалпы еуропалық тілдік біліктілік шкаласы бойынша elementary деңгейінен upper-intermediate деңгейіне дейін 3 деңгейді қамтиды, сондай-ақ міндетті тілдік дайындық пен емтиханды кем дегенде IELTS 5,5 және TOEFL IBT 72 көрсеткішіне тапсыруды көздейді. 

Қатысуға ынта білдіру туралы ұсыныстар 2018 жылы 19 қыркүйекте сағат 18.00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) мына электрондық мекен-жайға қабылданады info@satbayev.university және міндетті түрде көшірмесін Жобаның электрондық поштасына жіберу қажет tto@fpip.kz.

Хаттың тақырыбын көрсету керек: ""Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлтық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қогамы ТКК/ТТК ғалымдары мен қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту жөнінде қызмет көрсетуге консультанттарды іріктеу».

Хатқа компанияның түйіндемесін (еркін формада) және осы қызметтерді көрсету үшін компанияда қажетті біліктілік пен тиісті тәжірибе мол екенін көрсететін ақпаратты қоса тіркеу керек.

Техникалық тапсырма

 

Байланыс деректері:

Сәтбаев Университеті

Жауапты тұлғалар: Күзенбаев Тілеубек, Қаттабеков Арслан.

Телефон: +7 727 2929041; +7 727 2925540

Электрондық пошта: t.kuzenbayev@satbayev.university, arslanfr@mail.ru.

 

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы бойынша:

Жауапты тұлғалар: Өтеғұлов Алан, Мамбетов Қарасай.

Тел.: 87172277127; 87172277130

Электрондық пошта: tto@fpip.kz

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту