Ақпарат:

Кенбаев Алмас Адилбаевич

Кенбаев Алмас Адилбаевич

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитеті "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК филиалының директоры

calendar
Оқу жылдары: 2002-2007 жж.
cap
Мамандығы: "Астрономогеодезия"

2007 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Астрономогеодезия" мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының Халықаралық білім беру корпорациясын "техника ғылымдарының магистрі" біліктілігімен бітірді.

Еңбек жолын 2007 жылы бастаған.

2007 жылғы шілдеден 2013 жылғы желтоқсанға дейін инженер-геодезист, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау қызметінің камералдық жұмыстарының басшысы, "Қазгеокарт"республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының техникалық бөлімінің бастығы лауазымдарын дәйекті атқарды.

2013 жылғы желтоқсаннан 2020 жылғы қыркүйекке дейін "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазгеокарт"филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары-бас инженері лауазымын атқарды.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап "Ұлттық картография-геодезиялық қоры" Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы "шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры лауазымына тағайындалды.

Менің кәсіби жолым – бұл білімнің, еңбекқорлықтың және дамуға деген ұмтылыстың шексіз мүмкіндіктер ашатындығының дәлелі. Инженер-геодезист ретіндегі алғашқы қадамдардан бастап Ұлттық геодезия орталығындағы басшылық лауазымға дейін менің мансабымның әр кезеңі үздіксіз оқудың, өзін-өзі дамытудың және таңдалған іске адалдықтың нәтижесі болды.

Қазіргі әлем бізден икемділікті, бейімделуді және жаңа көкжиектерді игеруге дайын болуды талап етеді. Сондықтан мұнымен тоқтап қалмаңыз-жаңа білімге ұмтылыңыз, біліктілікті арттырыңыз, ой-өрісті кеңейтіңіз. Әрбір диплом тек құжат емес, мақсатыңызға жетуге көмектесетін құрал. Өзіңізге сеніңіз, өршіл мақсаттар қойыңыз және оларға толық сеніммен барыңыз!

24 ақпан 2025 101
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту