
Махаббат Әбдіжәлел
Satbayev University жетекші инженері


Satbayev University мен үшін жай ғана оқу орны емес, кәсіби және тұлғалық қалыптасуымның бастау көзі болды. 2020–2024 жылдар аралығында мен «Өнеркәсіптік инженерия» мамандығы бойынша білім алдым. Осы жылдар ішінде университет маған мықты білім, кәсіби дағдылар және өз күшіме сенімділік сыйлады. Оқу кестесінің икемділігі маған оқумен қатар жеке істермен де айналысуға мүмкіндік берді. Қазір мен Satbayev University-да жетекші инженер болып еңбек етемін және осы білім ордасының түлегі екенімді мақтан тұтамын. Дәл осы жерде мен жауапкершілікке, дәлдікке және мақсаткерлікке үйрендім.
Кеңес: Құрметті студенттер, үлкен армандардан қорықпаңыздар. Жүректеріңіз ашық болсын, үнемі білімге ұмтылыңыздар. Болашақ дәл қазір, осы сәттен басталады — оны сендер қалыптастырасыңдар.