Ақпарат:

Сұңғат Марксұлы

Сұңғат Марксұлы

Сәтбаев университетінің аға оқытушы

calendar
Оқу жылдары: 2015-2025 жж.
cap
Мамандығы: "Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар"

Біздің буынға техника әлемі өзінің жаңашылдығымен, цифрлық технологиялармен, ғарыш және телекоммуникация саласындағы мүмкіндіктерімен әсер етті. Неге Сәтбаев университеті? Себебі бұл – инженерлік білімнің тірегі, еліміздің ғылыми-техникалық ой-санасының жүрегі.

Бізге сабақ берген оқытушылардың білімге деген ерекше ынтасы мен жауапкершілігі бізге үлгі болды. Олар тек пәнді ғана емес, инженерлік ойлауды, талдауды, тәжірибені үйретті. Сондықтан да ең сүйікті пәнім деп айтқанда, пәннің өзін емес, оны оқытқан ұстаздарды еске аламын.

Студенттік жылдарым – ізденіс пен жігерге толы кезең. Зертханадағы тәжірибелер, жобалық жұмыстар мен байқаулар, ғылыми ізденістер мен конференциялар – бәрі өмірімнің ең жарқын естеліктері.

2020 жылы магистратураны сәтті аяқтап, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алдым. Сол жылы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы профессор М. А. Бонч-Бруевич атындағы Мемлекеттік телекоммуникация университетінде тағылымдамадан өттім.

2023 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі тағайындаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» төсбелгісімен марапатталдым.

2024 жылы «Қазақстан Республикасының жастар саясатының үздігі» атағына ие болдым.

2024 жылы Польшадағы Люблин техникалық университетінде «Телекоммуникация» бағыты бойынша халықаралық тағылымдамадан өтіп, әлемдік инженерлік білімнің тәжірибесін зерттедім.

2025 жылы «Телекоммуникация» білім беру бағдаламасы бойынша докторантура бағдарламасының теориялық курсын аяқтадым.

Бүгінде мен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Автоматика және ақпараттық технологиялар институтында, Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарамын. Сонымен қатар ғылыми-техникалық жобаларда ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеймін.

Ғылымға деген қызығушылығым мені үнемі ізденіске жетелейді. 100-ден астам ғылыми еңбектерім жарық көрді, оның ішінде 24-і халықаралық Scopus және Web of Science базаларында жарияланған. Сонымен қатар 4 патент, 4 оқулық, 2 оқу құралы, 2 монография және 7 әдістемелік нұсқаулық авторымын.

Мен үшін инженерлік білім – ел дамуының тірегі. Жастарды білімге, еңбексүйгіштікке, жаңашылдыққа баулу – басты мақсатым.

Болашақ түлектерге айтарым:

Сіздер дұрыс таңдау жасадыңыздар! Инженерлік білім – үнемі қажет. Ел экономикасы – бұл инженерлер. Сіздерге оқуда табыс, ғылымда шабыт және жоғары білікті маман болуды тілеймін!

14 қараша 2025 360
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту