Ақпарат:

Қазақстан су қоймаларының суын қолжетімді тазарту жүйесі

science

 

Сәтбаев Университетінің ғалымдары Қазақстанның кез келген су қоймасын таза су көзіне айналдыруға және сол арқылы су ресурстарының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік беретін қолжетімді су тазарту жүйесін әзірледі, өйткені су тапшылығы жаһандық проблемаға айналуы мүмкін.

Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Көлдеевтің командасы баяу фильтрация әдісі арқылы таза ауыз су алудың белгілі, бірақ ұмыт болып қалған технологиясын зерттеп, оны Қазақстан жағдайына бейімдеді. Соның арқасында қазір табиғи су қоймалары бар барлық жерде жоғары тиімді су тазарту қондырғыларын орнатуға болады.

Жобаның басты мақсаты – шалғайда ондаған жылдар бойы таза ауыз сусыз отырған қазақ ауылдарының мәселесін шешу. Бұл әдіс баяу әрекет ететін сүзгіге негізделген – сонау 1829 жылы суды тазарту әдісінде қолданған сүзгілердің бірінші түрі, Джон Симпсон сол  кезде Лондонды сумен жабдықтау жүйесі үшін құм сүзгілерін жасаған болатын. Сүзгінің бұл түрінде судың тек лайлылығы мен түсін ғана емес, сонымен қатар оның құрамындағы ерекше органикалық, бейорганикалық ластаушы заттар мен бактерияларды тазартатын тамаша қабілеті бар. Әрі тазарту кезінде ешқандай химиялық реагенттер қолданылмайды.

Жоба аясында баяу сүзу технологиясының тиімділігін арттыру үшін тәжірибелік-өндірістік қондырғы орнатылды. Модификацияланған цеолит алу үшін табиғи цеолитті белсендірудің оңтайлы шарттары анықталып, алюминий полиоксихлориді синтезделді. Жұмыс Ұлттық ғылыми кеңес тарапынан жоғары бағаланып, ең жоғары балл алды.

Жобаның нәтижелері:

  • Алматы, Өскемен қалалары мен Павлодар облысының Май ауданы және Жетісу облысы Ақсу өзенінің жер үсті және ауыз суының сапасына толыққанды зерттеу жүргізілді.
  • Жақсартылған су қабылдау және тазарту қондырғысынан жаңа нәтижелер алынды, бұл бір уақытта суды қабылдауға және вакуумды гидроциклон мен сүзгішті пайдаланып, суды алдын ала тазартуға мүмкіндік береді.
  • Су құбырларының шөгіндісін тазартудың жаңа инновациялық технологиясы жасалды, бұл технология Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық жағдайларын толық ескереді.

 

science

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту