Ақпарат:

Қарапайым заттар ғылымы қолданыста: отандық тұрмыстық химия өндірісі

science

 

Сәтбаев Университеті еліміздегі әрбір адамның өмірін жақсарту үшін жұмыс істейді, сол үшін де біз «Қарапайым заттар ғылымы» қағидаттарын басшылыққа ала отырып, отандық тұрмыстық химия өнімдерін шығарамыз. Ең басты мақсат – тұтынушыларға қолжетімді әрі сапалы өнім ұсыну. Осы жоба бойынша жұмыс істеуге тек студенттер мен жас мамандар ғана жұмылдырылды, өйткені бұл олардың кәсіби тұрғыда өсуіне тікелей ықпал етеді.

Біз қазірдің өзінде сабындардың әр түрлерін, терезе тазалағыш және дақ кетіргіш заттарды шығару желісін әзірледік. 2022 жылғы желтоқсан айында басталған жоба 2023 жылғы ақпан айында алғашқы нәтижелерін бере бастады, содан бері біз өндірісті жаппай іске қосу мақсатында арнайы жабдықтар мен орын дайындап, белсенді түрде жұмысқа кірістік.

Жобаның авторы – «Жұқа органикалық синтез» зертханасының меңгерушісі Ербол Сағатов. Ол жасап шығарған тұрмыстық химия өнімдерінің басқадан айырмашылығы – мұнда шикізаттың да, өнімнің де сапасы өте жоғары. Біз тексерістен өткен әрі қауіпсіз ингредиенттерді ғана қолданамыз, әрі химиялық өнімдерді қолданудың тиімділігі мен қарапайымдылығын қамтамасыз ету үшін, инновациялық формулаларды ұстанамыз. Мұндай әдіс қаражат үнемдеу үшін және өмір сүру сапасын жақсарту үшін өте маңызды деп санайды әзірлеушілер.

Бұл жобаның артықшылықтары сөзсіз көп, ол импортқа тәуелділікті азайтады және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Отандық тұрмыстық химия өнімдерін жасау сондай-ақ ұлттық экономиканың дамуына септігін тигізіп, жастардың кәсіби біліктілігін арттыру сияқты әлеуметтік игіліктерді қамтамасыз етеді.

Жобаның нәтижелері:

  • Қазақстанда жоғары сапалы органикалық тұрмыстық химиялық және жеке гигиеналық заттарға қолжетімділіктің деңгейін арттыру;
  • Қазақстанда жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • Қазақстандағы тұрмыстық химиялық және жеке гигиеналық заттардың сапасы мен олардың қауіпсіздігін арттыру;
  • Әлемдік тұрмыстық химиялық заттар нарығында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

science

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту