Тіршілік қауіпсіздігі

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В094 Санитарлық профилактикалық іс-шаралар Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Адам қызметінің барлық салаларында қауіпті және зиянды факторлардан адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмір сүру ортасындағы адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау саласы бойынша мамандарды оқыту бағдарламасы. Бакалавриат түлектерінің кәсіптік қызметі қазіргі әлемде адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамның өмірі мен қызметі үшін қолайлы техносфера қалыптастыру, заманауи техникалық құралдарды қолдану арқылы техногендік әсерлерді азайту және адам өмірі мен денсаулығын сақтау, бақылау және болжау әдістерін қамтиды.

Студенттер төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жүйесін мемлекеттік реттеу туралы негіздерді, өндірістік объектілердің ықтимал қауіпті технологиялары мен жабдықтарын, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу технологияларын, қауіпсіздік мониторингі жүйелерін, оның ішінде қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар мен бағдарламаларды пайдалану арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою негіздерін оқиды, өндірістің қоршаған ортаға және адамдарға теріс әсер ету қаупін азайту тұрғысынан бақылауды үйренеді.

Студенттер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қоршаған ортаға және адамдарға теріс әсер ету қаупін азайту тұрғысынан өндіріс технологиясын заманауи бақылау дағдыларын, адамдардың жарақаттануының алдын алу әдістері мен ұжымдық құралдарды пайдалану дағдыларын үйренеді және төтенше жағдай тудыратын әртүрлі апаттық факторлардан жеке және ұжымдық түрде қорғану әдістерін меңгереді.

Түлектер төтенше жағдайларда өмір қауіпсіздігін сақтау және қорғану саласы бойынша туындаған мәселелерді шеше алады, қауіпсіздік жүйелерін әзірлеу, адамдарды техногендік және апаттық жағдайлардан қорғау әрі құтқару жөніндегі инженерлік мәселелерді шеше алады, сондай-ақ экономиканың өнеркәсіптік секторының әртүрлі салаларының жұмыс істеу тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыра алады.

Бағдарлама аясында студенттерге өмір сүру қауіпсіздігі бойынша жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін оқу және өндірістік практика қарастырылған.

Түлектер өнеркәсіп орындарында, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлімшелерінде жұмыс істей алады.

Егер сізді қазіргі әлемде адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жұмыс қызықтыратын болса, онда «Өмір сүру қауіпсіздігі» бағдарламасы сіз үшін тамаша таңдау болары сөзсіз.