Ақпарат:

BIM жобалау және құрылысты басқару

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
bim-proektirovanie-i-upravlenie-stroitelstvom
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Ғимараттарды өнеркәсіптік цифрлық сәулет-құрылыстық жобалау, сондай-ақ ғимараттарды жобалау мен пайдалану жөніндегі заманауи ақпараттық технологиялар саласына қажетті мамандарды даярлау.

Студенттер құрылыс туралы негізгі пәндерді, құрылыс конструкцияларын, ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелерін, құрылымдық элементтерді жобалау мен есептеуді, азаматтық ғимараттарды энергиялық тиімді жобалау және салуды, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігінің негіздерін, сондай-ақ құрылысты жобалаудың бағдарламалық жүйелерін және құрылыстың ақпараттық модельдеу негіздерін (BIM) оқиды.

Студенттер ғимараттарды немесе басқа да құрылыстарды жобалау үшін күрделі бағдарламалық жүйелерді пайдалану, ғимараттардың цифрлық (ақпараттық) модельдерін құру, объектінің барлық бөлшектерін 3D форматында визуализациялау, оларды конфигурациялау нұсқаларын есептеу, құрылыс материалдарының ассортиментін анықтау дағдыларын меңгеріп шығады және ғимараттардың өнімділігін іс жүзінде тексеруді үйренеді.

Бағдарлама бір оқу практикасын және өндірістік практика сабақтарын қарастырады. Студенттер Қазақстанның жетекші жобалау және құрылыс компанияларында: атап айтқанда, «KAZGOR» жобалау академиясында, «BI Group», «ҚазҚСҒЗИ» «Базис-А» және басқа да құрылыс ұйымдарында тағылымдама мен тәжірибеден өтеді.

Ең белсенді және дарынды студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік серіктес университеттерде білім алу мүмкіндігіне ие болады. Олар Братиславадағы Словак техникалық университеті, Честохова техникалық университеті (Польша), Белосток техникалық университеті (Польша), Санкт-Петербургтегі Бірінші Петр атындағы политехникалық университет, Мәскеу мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Ресей), University Sains Malaysia (Малайзия), Авейро университеті (Португалия), Турин политехникалық университеті (Италия).

Студенттер құрылыс ұйымдарында, жобалау институттарында, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық қадағалау органдарында, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауында, құрылыс ұйымдарында менеджерлер, BIM дағдыларын меңгерген құрылыс инженерлері, BIM-дизайнерлері және ғимараттарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерлер болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту