Drilling engineering

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Бағдарлама жер қойнауынан мұнай, газ, су және қатты денелі пайдалы қазбаларды алу үшін ұңғымалар жасауға жетекшілік ететін бұрғылаушы-инженерлерді даярлайды. Бұрғылау инженерлері ұңғыма түбін тереңдету, оның қабырғаларына тау жыныстарын бекіту, беріктігі жоғары құбырлар мен цемент ерітінділерінен ұңғыма төсемдерін жасау, өнімді кен орындарын ашу және мұнай мен газдың ағынын тудыру, асқынулар мен апаттарды жою жұмыстарын қашықтықтан басқарумен айналысады. Бұл мамандық иелері Қазақстанның және әлемнің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Бағдарлама жаратылыстану, математика және инженерлік курстардың жалпы жиынтығын қамтиды және бұрғылау инженерлеріне ұңғыма жүйелерін жобалау, бұрғылау және пайдалану негіздерін үйретеді.

Студенттер ұңғымаларды бұрғылау техникасы мен технологиясын, бұрғылау кезінде тау жыныстарының бұзылу процесінің физикасын, ұңғымаларды геофизикалық зерттеу әдістерін, бұрғылау және шөгінділер түрлерін, ұңғымаларды бұрғылау және игеру әдістерін, көлбеу бұрғылау кезінде ұңғымаларды геонавигациялау әдістерін үйреніп шығады, сондай-ақ терең теңіз ұңғымаларын бұрғылау әдістерін, бұрғылауды қадағалау негіздерін, мұнай мен газ кен орындарын барлау және геотехнологиялық ұңғымаларды бұрғылау кезінде апаттар мен асқынуларды болдырмаудың алдын алу әдістерін меңгеріп шығады.

Студенттерде өздерінің бұрғылау инженерлік саладағы дағдылары мен білімдерін аудиториядан тыс жерде, соның ішінде студенттік ұйымдарда және өндіріс орындарында тәжірибеден өткен кезде дамытуға көптеген мүмкіндіктер бар.

Сонымен қатар студенттер мұнай өнеркәсібі техниктерінің халықаралық коммерциялық емес ұйымы – Халықаралық мұнай инженерлері қоғамының (Society of Petroleum Engineers) жұмысына белсене араласады. Қоғамның басты мақсаты – мұнайды барлау және өндіру саласы бойынша білім жинақтап, оны тарату, сонымен тығыз байланысты технологияларды дамыту. Қоғамның кеңселері Мәскеу, Даллас, Хьюстон, Лондон, Дубай және Куала-Лумпур қалаларында орналасқан. SPE қоғамының әлем бойынша 100 мыңнан астам мүшелері бар, оның ішінде 28 мыңнан астамы студенттер.

Кафедра студенттері Сәтбаев Университетінің оқу полигонында тәжірибелік практикадан өтіп, отандық және халықаралық ең үздік компанияларда, атап айтқанда, «Baker Hughes», «Schlumberger», «Halliburton», «Chevron», «ҚазМұнайГаз», «Роснефть», «Лукойл», «Eni», «CNPC», «ExxonMobil», «Total», «Royal Dutch Shell», «Maersk Oil» секілді компанияларда тағылымдамадан өтеді. Кафедраның кейбір түлектері БАӘ-нен бастап, Солтүстік теңізге дейінгі жерлерде орналасқан халықаралық компанияларда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайды. Үздік студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Батыс және Шығыс Еуропаның алдыңғы қатарлы институттарында қосымша білім ала алады.

Түлектер «Техникалық ғылымдар және технологиялар бакалавры» дәрежесі бойынша екі бағытта білім алып шығады: 1) Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, 2) Қатты денелі пайдалы қазбалар мен су ұңғымаларын бұрғылау.

Оқудың бірінші бағыты бойынша олар мұнай және газ өнеркәсібінде мұнай және газ кен орындарын барлау мен пайдалану саласында, екінші бағыт бойынша – геологиялық барлау саласында, сондай-ақ қатты денелі пайдалы қазбалар мен су кен орындарын барлау және пайдалану саласында мұнай және газ ұңғымаларын салу технологиясы, оларды жөндеу, консервациялау, жою және бұрғылау саласындағы мамандар ретінде жұмыс істей алады.