Ақпарат:

Газ инженериясы

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
gazovaya-inzheneriya
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M210 Магистральды желілер және инфрақұрылыс

Насостық және компрессорлық станцияларды жобалау мен оларды қолдану

Мұнай-газ құбырларын жобалау және оларды қолдану

Табиғи газды барлау, өндіру және газдандыру, газды сақтау және есепке алу, өндірілген газды өндіру орындарынан тұтынушыға дейін тасымалдау, оның ішінде экспорттық жеткізілімдер саласына қажетті мамандарды даярлау бойынша бірегей бағдарлама. Түлектер 1 және 1,5 жыл оқып, техникалық ғылымдар және технологиялар магистрі академиялық дәрежесін немесе 2 жыл оқып, техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алады.

Бағдарлама газ саласындағы «QazaqGaz» жетекші ұлттық компаниямен бірлесіп әзірленген, ол еліміздің отын-энергетика кешені үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды көздейді.

Магистранттар газ инженериясын, газ құбырларын, газды айдау және резервуарларда сақтаудың технологиялық процестерін жобалау әдістерін, оның ішінде заманауи IT технологияларды пайдалана отырып, газ қоймаларын, сондай-ақ газды және көмірсутектерді өңдеу өнімдерін тасымалдау кезінде құбырларды пайдаланудың техникалық мәселелерін шешуді үйренеді, сондай-ақ тұжырымдау және мәселені шешу дағдыларын, топпен жұмыс істеуді үйреніп, көшбасшылық қасиеттерді меңгеріп шығады.

Сонымен қатар магистранттар мамандандырылған PETREL, Eclipse, Techlog компьютерлік бағдарламаларын қолдану арқылы нақты технологиялық және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған көптеген курстарды таңдай алады.

Магистранттар отын-энергетика кешенінің газ кластері кәсіпорындарында тағылымдамадан өтеді және Колорадо тау-кен мектебінде (АҚШ), И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетінде, Адам Мицкевич университетінде (Польша), Томск политехникалық университетінде (РФ), Лотарингия университетінде (Франция) академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқи алады.

Түлектер «Амангелді газ», «Интергаз Орталық Азия», «Азия газ құбыры», «ҚырҚазГаз», «ҚазТрансГаз» сияқты кәсіпорындарда газ тарату станциясының бас инженері, компрессорлық станцияның бас инженері, бас диспетчер, бас технолог, ауысым бастығы, учаске меңгерушісі қызметтерін атқарады, сондай-ақ университеттер мен ғылыми ұйымдарда жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту