Жанғыш кен орындарының геологиясы

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика - География
Бағасы
933 600 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 260 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Көмірсутек шикізатының геологиясы, іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу және осы пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге дайындау саласына қажетті инженерлерді даярлау.

Студенттер мұнай, табиғи газ, қатты және сұйық пайдалы қазбалар геологиясының негізгі аспектілеріне, сондай-ақ жанғыш кен орындарын пайдалануға баса назар аудара отырып, геология, геохимия және геофизика пәндерін оқиды, сонымен қатар геофизикалық, геологиялық, геохимиялық және геотехникалық жұмыстарды жобалап, олардың нәтижесін алуды үйреніп шығады.

Студенттер далалық кен орындарда геологиялық зерттеулер мен бақылаулар жүргізуді, технологиялық есептеулерді жүргізуді, геологиялық, геохимиялық және геофизикалық зерттеулердің нәтижелерін талдауды, заманауи компьютерлік технологиялар мен бағдарламаларды пайдалана отырып, жабдықтар таңдауды және оны жобалауды үйренеді.

Студенттер қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірістің технологиялары мен жабдықтарымен, сондай-ақ көмірсутек секторы саласындағы технологиялық процестермен танысатын кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді, соның нәтижесінде жанғыш пайдалы қазбалардың кен орындарын геологиялық қамтамасыз етуді меңгеріп шығады.

Түлектер өнеркәсіп орындарында жанғыш пайдалы қазбалардың кен орындарын зерттейтін, жанғыш пайдалы қазбаларды іздейтін және барлайтын, көмірсутек шикізаты кен орындарының перспективалық учаскелерін зерттейтін геолог болып жұмыс істейді.