Гидрогеология және инженерлік геология

Деңгейі
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Жер асты сулары және олардың тау жыныстарымен, жер үсті суларымен және атмосферамен өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым саласына қажетті кадрларды даярлау. Түлектер 4 жылдық оқу барысында «Ғылым бакалавры» академиялық дәрежесін алады.

Студенттер гидрогеология және инженерлік геология бойынша білім алады, қалаларды, ауылдарды және тау-кен өндірісінің кәсіпорындарын ауыз сумен, техникалық сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының ресурстары мен сапасын бағалау мәселелерін зерттейді.

Студенттер гидрогеологияны, жер асты суларының қозғалу заңдылықтарын және олардың химиялық құрамының қалыптасуын, далалық және зертханалық гидрогеологиялық зерттеу әдістерін, жер асты су қорларын іздеу мен барлау, олардың көлемін бағалау әдістерін, өндірістік маңыздылығын, технологиялық мәселелерді шешу әдістерін зерттейді. Ауыз сумен және өндірістік сумен қамтамасыз ету, топырақтану, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулердің технологиялық мәселелерін шешу әдістері мен болжау принциптерін әзірлейді.

Бағдарлама ғылыми жобаларға, сондай-ақ шетелдік университеттермен алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін қамтиды.

Бакалаврлар бүкіл Қазақстан бойынша гидрогеологиялық, барлау және инженерлік-геологиялық, тау-кен компанияларында тәжірибеден өтеді.

Бакалавриат түлектері Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық, барлау және инженерлік-геологиялық, тау-кен кәсіпорындарында жұмыс істейді.