Өндірістегі гигиена және еңбек қорғау

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В094 Санитарлық профилактикалық іс-шаралар Математика - Физика
Бағасы
799 100 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 030 400 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Өндірістегі гигиена және еңбек қорғау саласындағы кадрларды даярлау. Студенттер өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің өндірістік қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметін ұйымдастыру, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қорғаныс қызметтері; өндірістік объектілер қызметкерлерінің еңбек жағдайларын бағалау; қауіпсіздік декларациясын әзірлеу үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, технологиялық процестер мен жабдықтардың ықтимал қауіптілігін анықтау; өндірістік кәсіпорындардағы өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйін және төтенше жағдайларда экономикалық объектілердің тұрақтылығын бақылау бойынша іргелі білім алып шығады.

Студенттер мына бағыттарды зерттейтін болады: адам және адамның іс-әрекетімен және қауіпті табиғат құбылыстарымен байланысты қауіптер; қауіпті технологиялық процестер және өндіріс; қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер; техногендік қауіптілікті және оларды іске асыру қаупін бағалау әдістері мен құралдары; адамдарды және қоршаған ортаны техногендік қауіптерден қорғау әдістері мен құралдары; адамды құтқару әдістері, құралдары.

Үздік студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Түлектер меншіктің әртүрлі нысандарындағы барлық өнеркәсіп орындарында, еңбек қауіпсіздігі және өндірістік қауіпсіздік, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде 50 адамнан астам штаттық бірлігі бар мекемелер мен ұйымдарда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлімшелерінде қызмет атқара алады.

Әлеуетті жұмыс берушілер – «Теңізшевройл» ЖШС, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «Каспийшельф» ЖШС және т.б.