Ақпарат:

Құрылыс материалдарының инновациялық өндірісі

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
innovatsionnoe-proizvodstvo-stroitelnykh-materialov
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Құрылыс индустриясы үшін заманауи құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын инновациялық өндіру саласына және көлік-жол құрылысы саласына қажетті мамандарды даярлау. Оқу бітірген түлектер «Техника және технология бакалавры» дәрежесін алып шығады.

Студенттер инженерлік және компьютерлік графиканы, инновациялық құрылыс материалдарын және оларды өндіру технологиясын, құрылыс материалдары өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін, құрылыс материалдарын өндірудің энергия және ресурс үнемдейтін технологияларын, сондай-ақ құрылыс қалдықтарын инновациялық өңдеуді, өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлауды және құрылыс материалдары және оның өндірісін автоматтандыру жүйелерін меңгеріп шығады.

Студенттер құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіруде қолданылатын жаңа технологиялар мен жабдықтарды меңгеру және әзірлеу дағдыларына ие болады, технологиялық процестердің математикалық модельдерін құруды, өндіріс процесін ұйымдастыруды және жетілдіруді, жаңа құрылыс материалдары мен бұйымдарды өндірудің технологиялық процестерін бақылауды үйреніп, командада жұмыс істеуді және көшбасшы болуды да үйреніп шығады.

Түлектер экологиялық таза құрылыс материалдарын әзірлеу, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу, заманауи бетон және темірбетон бұйымдарын өндіру бойынша инженер-технолог, сонда-ақ құрылыс компаниялары мен құрылыс материалдары кәсіпорындарында құрылыс бұйымдары мен конструкцияларының сапасын тексеруші инженер болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту