Өнеркәсіптегі инженерлік жүйелердің инновациялық технологиялары
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау саласында инновациялық технологияларды қолдану арқылы жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған инновациялық білім беру бағдарламасы.
Бағдарлама түлектеріне PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі.
Докторанттар жылу-газбен жабдықтау, желдету, сумен жабдықтау, кәріз жүйелері, гидротехникалық және су энергетикалық құрылыстар саласына қажетті жаңа технологияларды әзірлеу мәселелерін оқып үйренеді.
Зияткерлік кәсіпкерлікке, өнеркәсіпке арналған қолданбалы жобаларды әзірлеуге және іске қосылған жобаларды коммерцияландыру ісіне баса назар аударылады.
Докторанттар шетелдік кеңесшілердің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді түрде қатысады. Докторантурадағы оқу жоспарларына жетекші шетелдік университеттерде тағылымдамадан өту міндетті түрде кіреді. Диссертациялық жұмысты дайындау мен қорғау екі ғылыми жетекшінің, яғни отандық және шетелдік ғалымдардың жетекшілігімен жүзеге асырылады.
Түлектер өнеркәсіп орындарында және өндірістік кәсіпорындардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелері ұйымдарында, сондай-ақ гидротехникалық және су энергетикалық құрылыстар мен сумен жабдықтау жүйелерін жобалау, пайдалану және бағалау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарда жұмыс істейді.
Сонымен қатар түлектер ғылыми-зерттеу орталықтарында, университеттерде, ұлттық және жеке компанияларда, экономика және өнеркәсіптік құрылыс салаларында, зерттеу, жобалау және білім беру қызметін жүзеге асыратын басқа да ұйымдарда ғылыми қызметкерлер болады.