Көлік құрылысындағы инновациялық технологиялар
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Бағдарлама көлік инфрақұрылымы объектілерін: көпірлерді, тоннельдерді, автомобиль және темір жолдарды, аэродромдарды және басқа да көлік құрылыстарын жобалау, салу және пайдалану кезінде заманауи әдістер мен технологияларды тиімді қолдануға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Студенттер есептеу және жобалау әдістерін меңгеріп шығады, заманауи бағдарламалық пакеттер мен цифрлық модельдеу құралдарын пайдалануды үйренеді, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге қатысады. Білім беру тек техникалық оқытуға ғана емес, сонымен қатар аналитикалық ойлауды дамытуға және инженерлік есептерді шешуге жүйелі түрде қарауды үйретуге бағытталған.
Оқу барысында студенттер инженерлік шешімдерді модельдеуге және талдауға арналған цифрлық құралдарды, соның ішінде BIM-технологиялардың негіздерін оқып шығады. Бағдарламаның ерекшелігі – алған білімді практикалық тұрғыда қолдануға баса мән беру болып табылады, атап айтқанда: студенттер құрылыс алаңдарында, жобалау ұйымдарында және зертханаларда оқу және өндірістік тәжірибеге тікелей қатысады. Оқу барысында көлік инфрақұрылымы объектісінің барлық өмірлік тізбегі туралы түсінік қалыптасады – тұжырымдамадан бастап, пайдалануға дейін.
Түлектер модельдеу және басқару процестерін, пайдалану және техникалық қызмет көрсету жүйелерін қолдана отырып, көлік құралдарымен және жүйелерімен, құрылыс материалдарымен және технологияларымен жұмыс істейді.
Түлектер ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік басқару органдарының бөлімдерінде, кәсіпорындарда және үкіметтік емес секторда ғылыми қызметкер және басшы болып жұмыс істей алады. Олар сонымен қатар сәулет-құрылыс саласындағы жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істейді, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі сәулет және қала құрылысы жөніндегі департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде білікті басшы бола алады.