Инженерлік геофизика
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | КТ элементтері |
M109 Мұнай және кен геофизикасы | Далалық және ұңғымалық геофизикалық зерттеулердің теориялық негіздеріне кіріспе - Далалық және ұңғымалық геофизикалық зерттеулерді жүргізу, өңдеу және түсіндіру әдістемесі, техникасы мен технологиясы |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Бағдарлама геофизикалық зерттеулер мен технологиялар саласына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған. Бейінді магистратура (1 жыл) терең кәсіптік білім береді, ал оқу қолданбалы сипатта болады.
Бағдарламаның ерекшеліктері
- Бір жыл ішінде қарқынды оқу
- Практикаға көбірек басымдық беру
- Заманауи зертханалық және бағдарламалық инфрақұрылым негізінде оқыту
- Ғылыми жобалар мен экспедицияларға қатысу мүмкіндігі бар.
Білім беру бағдарламасы «Инженерия және инженерлік іс» бағытының шеңберінде әзірленген және өндіріс саласындағы жұмысшылардың инженерлік-құрылыстық, инженерлік-геологиялық және экологиялық мәселелерді шешудің заманауи геофизикалық әдістерін қолдану жөніндегі білімі мен кәсіби даярлығын арттыру бойынша білім беруге бағытталған. Жер қойнауы байлығын пайдалану, құрылыс, экология және қоршаған ортаны қорғау саласы жөніндегі мәселелерді шешудің геофизикалық әдістерін қолдануға баса назар аударылады.
Магистранттар гидрогеология, топырақтану, инженерлік және тау-кен геологиясы, мәңгілік тоңтану, гляциология, техникалық геология, археология және т.б. салаларда инновациялық геофизикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері бойынша терең білім алады.
Негізгі пәндер:
- Инженерлік-геологиялық зерттеулер кезіндегі қолданбалы геофизика әдістері
- Инженерлік және тау-кен геофизикасының петрофизикалық негіздері
- Жерасты құрылыстарын геологиялық-геофизикалық модельдеу
- Инженерлік нысандарды қолдануды бақылаудың геофизикалық әдістері
- Инженерлік құрылыстар кезіндегі геофизикалық әдістер
- Инженерлік-геологиялық зерттеулер кезіндегі аз тереңдік бойынша геофизикалық әдістер
- Экологиялық геофизика әдістері
- Құрылысы біткен ғимараттарға геофизикалық әдістермен мониторинг жүргізу
- Жерүсті және жерасты шахта-кен орындарының геофизикалық әдістері
- Жерасты геофизикалық жұмыстарын жүргізу техникасы мен әдістері
- Таулы және жерасты құрылыстарында геофизикалық жұмыстар жүргізу техникасы мен әдістері
- Цифрлық өлшеу-өңдеудің геофизикалық кешені
Түлектер «Техника және технология магистрі» біліктілігін алып шығады да, құрылыс, инженерлік-геологиялық және тау-кен кәсіпорындарында инженерлік лауазымды атқарады, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істейді.