Инженерлік жүйелер және желілер
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | Математика - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Инженерлік жүйелер мен желілер, жылу жүйелері, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, желдету, ауаны кондиционерлеу, жылу шығаратын қондырғылар, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жобалау, монтаждау, қайта құру және пайдалану саласындағы мамандарды даярлау. Түлектер «Инженерия және технологиялар бакалавры» ғылыми дәрежесін алып шығады.
Студенттер жобалау жұмыстарының әдістерін үйренеді, жылыту, желдету және ауа баптау, сумен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және қазандық бөлмелерін пайдалану және орнату, сондай-ақ осы жүйелерді қайта құру бойынша дағдыларға ие болады.
Студенттер энергияны үнемдеу, экология және өмір қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, инженерлік жүйелер мен желілердің элементтері мен құрылымдарының есептеулерін жасауды, сапалы техникалық шешімдерді жасауды, жобалау және қайта құру кезінде құрылыстың техникалық сипаттамаларын әзірлеуді үйренеді.
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер құрылыста, мамандандырылған кәсіпорындарда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта табысты еңбек етеді. Түлек инженерлік-техникалық бағыт бойынша жетекші, жобалау, құрылыс және құрылысты қадағалау, сондай-ақ инженерлік жүйелер мен желілер жөніндегі маман инженері қызметін атқара алады.
Әлеуетті жұмыс берушілер қатарында «BI Group», «Bazis-A», «ҚазГОР», «КазНИИСА», «НИИСТРОМПРОЕКТ», «PSI Group», «Toспa Су» сияқты компаниялар және Қазақстан Республикасының басқа да су шаруашылығы ұйымдары бар.