Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Тұрақты даму және жаһандық бәсекеге қабілеттілік талаптарына жауап беретін заманауи химиялық инженерия процестерін әзірлеу мен енгізуге қабілетті мамандарды даярлауға арналған инновациялық докторантура бағдарламасы. Бағдарлама 3 жылдық оқу мерзіміне арналған, түлектер PhD докторы дәрежесін алып шығады.
Бағдарлама іргелі ғылыми дайындықты химия өнеркәсібі, фармацевтика, мұнай химиясы, сондай-ақ полимер және композиттік материалдар саласындағы практикалық мәселелерді шешумен біріктіреді. Оқу барысында инновациялық синтез әдістеріне, экологиялық таза технологияларға және цифрлық жобалау мен модельдеу құралдарына баса назар аударылады. Докторанттар қазіргі заманғы химиялық өндірісті жобалау принциптерін зерттейді, аналитикалық химия, компьютерлік модельдеу және автоматтандыру әдістерін меңгеріп шығады, сондай-ақ ғылыми идеяларды қолданбалы шешімдерге біріктіру дағдыларын үйренеді.
Бағдарлама түлектері тұрақты дамуға бағытталған кешенді ғылыми зерттеулерді тереңдете жүргізуге, авторлық әдістерді әзірлеуге, химиялық және технологиялық процестерді құрып, оларды өндіріске енгізуге қабілетті болып шығады. Сонымен қатар өндірісті жобалау және оңтайландыру дағдыларын меңгеріп, пәнаралық командаларды басқара алады, технологиялық белгісіздік және нарықтық қиындықтар жағдайында стратегиялық шешімдер қабылдай алады. Оқудың міндетті бөлігі – шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту, сондай-ақ диссертациялық жұмысты бірлескен ғылыми жетекшінің басшылығымен орындап, оны сәтті қорғап шығу болып табылады.
Органикалық заттардың химиялық инженериясы бойынша PhD докторлары ғылыми-зерттеу институттарында, инженерлік-конструкторлық ұйымдарда, ғылыми-өндірістік орталықтарда, сондай-ақ химия, мұнай-химия, газ және көмір өнеркәсібіндегі жетекші отандық және халықаралық кәсіпорындарда жоғары сұранысқа ие болады. Олардың кәсіби қызметі өнеркәсіптік тиімділік пен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін инновациялық материалдар мен технологияларды әзірлеу ісімен тығыз байланысты.