Ғарыштық техника және технологиялар
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В067 Әуе көлігі және технологиялары | Математика - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Қазақстан Республикасы экономикасының барлық салалары үшін біртіндеп дамып келе жатқан ғарыш техникасы мен перспективалық ғарыш технологиялары саласына қажетті кадрлар даярлау.
Студенттер ұшу аппараттарын басқару жүйелерін, ғарыштық байланыс пен навигация жүйелерін, ғарыштық робототехниканы, Жерді қашықтықтан зондтау жүйелерін жобалау бойынша іргелі дайындықтан өтеді.
Сіз кешенді компьютерлік және электронды-электротехникалық компоненттерді зерттеуді үйренесіз, олардың негізінде ғарыш техникасы жобаланады және жасалады. Экономиканың әртүрлі салаларында ғарыштық технологияларды тиімді пайдалану үшін адамның мүмкіндіктерін кеңейте алатын спутниктік жүйелер мен наноспутниктерді құруды үйренесіз.
Үздік студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Бауман атындағы Мемлекеттік техникалық университет, Орджоникидзе атындағы Самара авиағарыш университеті және Берлин техникалық университеті сияқты шетелдік жетекші университеттерде оқуға мүмкіндік алады.
Бағдарламада бір оқу, екі өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту жолдары қарастырылған, атап айтқанда, ГАЛАМ ГКТБ-нда, Ғарыш техникасы мен технологиясы институтында, Ғарыш техникасы мен технологиясының ұлттық орталығында және басқа да кәсіпорындарда ғарыш техникасы мен технологиясының эксперименттік және сынау жабдықтарын зерттеу қамтылған.
Біздің түлектер экономиканың ең алдыңғы қатарлы салаларындағы кәсіпорындарда команда болып жұмыс істей алатын теориялық мамандар мен техниктер ретінде жоғары сұранысқа ие болады. Негізгі әлеуетті жұмыс берушілер: "НЦКИТ", "ИКиТ", "ҒТТБ Ғалам", "Қазахстан Ғарыш Сапары", Ғарыштық байланыс орталығы "Қазтелеком", "Қазаэронавигация" мемлекеттік кәсіпорны және Жерді қашықтықтан зондтау технологиясын белсенді енгізіп жатқан барлық мекемелер мен жоғары оқу орындары.