Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
naar asiin
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Кендерді өндеу, кендерден металл алу саласына, сонымен қатар металл қорытпаларының химиялық құрамының, құрылымының және қасиеттерінің өзгеруі саласына, тау-кен байыту, металлургия, алтын және уран өндіру өнеркәсіптеріне қажетті инженерлік-техникалық мамандарды даярлайды. Бағдарлама ASIIN (Германия) бағдарламасы бойынша аккредиттелген.
Сіздер пайдалы қазбаларды өңдеуде технологиялық үрдістердің және механикалық құрылғылардың әрекетін, минералды және техногенді шикізатты, қара және түсті металдарды өндіру және өңдеуді, сондай-ақ олардан жасалған өнімдерді және де кен байыту өндірісінің технологиялық үрдістерін білетін боласыздар.

Сіздер табиғи шикізаттан және басқа металқұрамды өнімдерден металл өндіруді, қорытпаларды алуды, металдарды өндірудің, пісірудің дағдыларын игересіздер, металдардың, интерметалл мен қорытпалардың физикалық және химиялық қасиеттерін оқып білесіздер, кенді байыту техникасын меңгересіздер. Кен байыту технологиясын таңдау және оның негізгі параметрлерін есептеу дағдыларын меңгересіздер, негізгі және қосалқы жабдықтардың орналасуын, техникалық сызбаларды оқуды, жабдықты түзетуді үйренесіздер.

Бағдарлама жалпыинженерлік пәндердің 40% білім беру бағдарламасының мазмұны есебінен өңдеуші сектордың талаптарына бейімделген. Түлектерге техника және технология бакалавры біліктілігі беріледі. Олар жалпыинженерлік пәндердің негізгі жиынтығы, сондай-ақ арнайы пәндердің бейінді жиынтығы бойынша білім алады.

Мамандану үшін келесі траекториялардың бірін таңдауға болады:
1. Өндіруші металлургия – кеннен металл алуды игеруші металлургия.
2. Физикалық металлургия – металдардың физикалық жай-күйін, олардың қасиеттерін талдауды, түрлі ортаның әсер етуін, кернеу және қысымды оқытады.
3. Технологиялық металлургия – металл бөлшектерін дайындайтын және жобалайтын сала.
4. Пайдалы қазбаларды байыту – минералды шикізатты біріншілік өңдеу үрдісінің жиынтығы, оның нәтижесінде барлық бағалы минералдарды бос жыныстан бөлу, сонымен қатар бағалы минералдардың өзара бөлінуі. Байыту нәтижесінде алынған өнімдер (концентраттар) келесі металлургиялық өңдеудің техникалық және экономикалық талаптарына сәйкес келуі керек.

Бағдарлама таныстыру, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелерін «Қазатомпром», «Қазақмыс», «Қазмырыш», «Қазфосфат», «Казвторчермет», «Алтыналмас», «Арселор Миттал Теміртау», «Өскемен титан-магний комбинаты», «KAZ Minerals», «ҚазФерроҚорытпа», «ТҰК «Қазхром», «ERG ғылыми-зерттеу инженерлік орталығы» және т.б. өндірістерінде қарастырады.

Бағдарлама халықаралық және отандық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етеді. Мәскеу технологиялық университетімен, Мәскеу болат және қорытпа институтымен, Томск политехникалық университетімен, Колорадо тау-кен мектебімен, Вустерск политехникалық институтымен, Аахен Рейнск-Вестфальск техникалық университетімен мамандар даярлайтын 30-дан астам халықаралық келісім-шарт жасалды.

Түлектер тау-кен-металлургиялық кешенде инженерлік және жұмысшы лауазымдарында жұмыс істейді. Олар металлургиялық кәсіпорындарда, жобалау ұйымдарында, металлургиялық зерттеу орталықтарында, химия өнеркәсібінде жұмыс істейді. Мансаптық өсу келешегі – тау-кен байыту фабрикасының немесе  металлургиялық зауыттың жұмысшысынан бастап, бас директорына дейін.