Пайдалы қазбаларды байыту
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Ғылыми кадрларды даярлайтын инновациялық білім беру бағдарламасы, кенді және техногендік шикізатты өңдеу саласындағы ғылыми, эксперименттік-зерттеу, педагогикалық қызметке, тау-кен байыту, металлургия, алтын және уран өнеркәсібі салаларындағы жұмыстарға бағытталған. Түлекке PһD докторы дәрежесі беріледі.
Бағдарлама түлектері математикалық модельдеуді қолдана отырып, эксперименттік зерттеулер жүргізеді, бастапқы кен және техногендік шикізаттан байыту өнімдерін алу бойынша технологиялық үрдістерді әзірлейді.
Сіз минералды, табиғи және техногендік шикізатты қайта өңдеудің жаңа технологиялық үрдістерін әзірлеу дағдысына ие боласыз, инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, байыту өндірісінің ұйымдастыру-өндірістік міндеттерін жүйелі түрде шешуді, минералды және техногендік шикізатты байыту саласында инновациялық жобаларды және ғылымды қажетсінетін технологиялар маркетингін жүргізуді үйренесіз.
Бағдарлама іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және байыту өндірісінің теориясы мен технологиясын дамытудағы заманауи үрдістерi, минералды шикізатты селективті дезинтеграциялау теориясы мен технологиясы, минералды және дәстүрлі емес шикізаттың нанотехнологиялары, байыту өндірісінің айналымдық және ағынды суларын тазарту, тау-кен байыту кешендерінің жобалық шешімдерін оңтайландыру әдістері, қиын байытылатын шикізатты биогидрометаллургиялық өңдеудің теориясы мен технологиясы сияқты пәндерді тереңдете оқытады.
Докторанттар "Қазақмыс", "KazMinerals", "Қазхром", "ҚазМырыш", "Қазақалтын", "Қазфосфат" кәсіпорындарында, Металлургия және кен байыту институтында, ҚР минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығында зерттеу, педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикаларын өтеді.
Докторанттар Колорадо тау-кен мектебінде (АҚШ), Рейнск-Вестфаль техникалық университетінде (Германия), Томск политехникалық университетінде, Мәскеу болат және қорытпа институтында, Орал мемлекеттік тау-кен университетінде, Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінде тағылымдамадан өтеді. Зерттеу және өндірістік практиканың мазмұны докторлық диссертацияның тақырыбымен анықталады.
Білім беру бағдарламасы түлектердің өз әзірлемелерін өндіріске енгізуді және алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды іске асыруға бағытталған. Олар тау-кен байыту бағытындағы шағын ғылымды қажетсінетін бизнес құруға мүмкіндік алады.
Түлектер тау-кен байыту және металлургия секторының инженерлік-зерттеу және басқарушы лауазымдарында, байыту фабрикаларында, химия және машина жасау кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, университеттерде оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, тау-кен байыту өндірісін жетілдіреді және оңтайландырады.