Ақпарат:

Пайдалы қазбаларды байыту

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
obogashchenie-poleznykh-iskopaemykh
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М118 Пайдалы қазбаларды байыту

Пайдалы қазбаларды байыту негіздері

Кен байытудың флотациялық әдістері

Кенді және техногенді шикізатты өндіру мен қайта өңдеу саласында, алтын және уран өндіру саласының кәсіпорындарында тау-кен жұмыстарымен айналысатын технолог-мамандарды даярлайды. Бағдарлама Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттікте (Қазақстан) аккредиттелген.

Түлектер 1,5 жыл оқып, техника және технология ғылымдарының магистрі немесе 2 жыл оқып, техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алып шығады.

Сіздер кен байыту орындары мен пайдалы қазбаларды және техногенді шикізатты қайта өңдеу жөніндегі өндіріс орындарындағы технологиялық үрдістер, тау-кен байыту өндірісінің құрал-жабдықтары технологиясы, кен байыту өндірісін автоматты түрде басқару жүйесін және алынған өнімге бақылау жүргізу, энергия үнемдеу және «жасыл» технологиялар мен материалдарды пайдалану әдістері туралы білім алып шығасыздар. Сонымен қатар заманауи компьютерлік технологиялар мен бағдарламаларды пайдалана отырып, зертханалық зерттеулер, технологиялық есептеулер, жабдықты таңдау және жобалау дағдыларын үйреніп шығады.

Магистранттар педагогикалық, зерттеу және ғылыми-зерттеу практикаларын «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақмыс», «KazMinerals», «Қазцинк», «Алтыналмас» секілді ірі-ірі компанияларда өтеді.

Магистранттар академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша Мәскеудің болат және қорытпалар институты, Томск политехникалық университетінде, Орал мемлекеттік тау-кен университетінде, Колорадо тау-кен мектебі (АҚШ), Аахен қаласындағы Рейн-Вестфалия техникалық университеті (Германия), KTH Royal Institute of Technology (Швеция) және Сулейман Демирель атындағы университетте (Түркия) ғылыми тәжірибеден өтеді.

Бағдарлама Томск политехникалық университетімен бірлесіп әзірленген «Минералды және техногендік шикізатты өңдеудің процестері мен аппараттары» атты қос дипломды магистратура бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Магистратура түлектері тау-кен металлургия секторындағы инженерлік-техникалық және басқарушылық лауазымдарда – кен байыту және металлургиялық кәсіпорындарда, жобалау ұйымдарында, металлургиялық ғылыми-зерттеу орталықтарында, химия өнеркәсібінде жоғары сұранысқа ие болады. Сондай-ақ олар жоғары оқу орындарында сабақ беруге де құқылы.

Бағдарлама Eco-Mining and Innovative Natural Resources Management (Erasmus+) халықаралық жобасы аясында қайтадан жетілдірілді. Бағдарламаға минералды шикізаттарды қайта өңдеудің экологиялық таза әдістерін зерделеу, өндірістік процестерді оңтайландыру және өндірістік қалдықтарды басқару жолдары енгізілді. Бағдарлама туралы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту