Ақпарат:

Металлургиядағы рециклинг

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша білім алып, өндірістік қалдықтарды металлургиялық кәсіпорындар үшін қайта өңдеуге, сөйтіп оларды кәдеге жаратуға қажетті кадрларды даярлайды. Таяу болашақта тау-кен металлургия кешені осындай мамандар үшін өте қажетті, әрі тартымды салаға айналады, ал түрлі-түсті және қара металлургияның техногендік қалдықтарын өңдеу – тау-кен металлургия кешенінің маңызды бағыттарының бірі атанады.

Студенттер өндірістік және өнеркәсіптік қалдықтар мен заттарды қайта өңдеу саласы бойынша ғылыми-жаратылыстану, жалпы инженерлік, іргелі және кәсіби дайындықтан өтіп, инженерлік және компьютерлік графиканы, минералогияны, химия мен металлургияны, қара және түсті металдар қорытпаларын алуды оқып-үйренеді; металлургиядағы жылу алмасу және масса алмасу, машинаның негізгі бөлшектері және олардың конструкциясын, қайта өңдеу металлургиясы кәсіпорындарын жобалау, кокссыз металлургияның теориясы мен технологиясын біліп шығады.

Студенттер тау-кен металлургия секторындағы кәсіпорындардың қалдықтары мен ол материалдарды қайта өңдеу туралы мәліметтерді талдау жолын, технологияларды әзірлеуді, қалдықтарды қайта өңдеуге қажетті жабдықтарды таңдауды және олардың технологиялық процесін бақылауды үйренеді.

Нәтижесінде студенттер тау-кен металлургия секторындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін рециклинг-технолог, яғни қайта өңдеу технологы мамандығын алып шығады. Олардың негізгі қызметі – қалдықсыз өнім өндіру, құрамында бағалы және құнды металдар бар қалдықтарды қайта өңдеу, бірнеше рет қолданылатын материалдар технологиясын әзірлеп, оны өндіріске енгізу, сондай-ақ пайдалы қазбаларды толығымен өндіру.  

Түлектер қара және түсті металлургия, химия, тау-кен және машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындарында жұмыс істейді. Олар «Қазақмыс», «Kazminerals», «Қазцинк», «ҚазФерроСталь», «Қазхром», «Арселор Миттал Теміртау», «Қазақстан алюминийі», «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі», «Қазақстан электролиз зауыты», «ERG ғылыми-зерттеу инженерлік орталығы» және т.б. компанияларда жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту