Көлік құрылысы
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | Математика - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Көлік құрылысы саласына қажетті кәсіби мамандарды даярлау. Олар көпірлерді, тоннельдерді, метрополитендерді, теміржолдарды жобалау, салу, күтіп ұстау және жөндеу саласындағы мамандарға қойылатын заманауи талаптарды меңгеріп, көлік және теміржол саласы, автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы үшін кәсіби құзыреті бар мамандар болып шығады және «Техника және технология бакалавры» ғылыми дәрежесін алып шығады.
Оқыту төменде көрсетілген мамандықтар бойынша жүргізіледі:
- Көпір құрылысы
- Метрополитен және тоннель құрылысы
- Аэродромдар және автомобиль жолдарының құрылысы
- Теміржол құрылысы
Студенттер жол-құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, көлік инфрақұрылымы объектілері мен техникалық жабдықтарын пайдалану, жол-құрылыс материалдары мен бұйымдарын есептеу, жобалау және өндіру саласы бойынша білім алады.
Бағдарлама бойынша бір оқу және бірнеше өндірістік практика қарастырылған, бұл студенттерге 1-курстан бастап-ақ болашақта табысты еңбек етуге қажетті қолданбалы дағдыларды меңгеріп шығуға мүмкіндік береді. Пәндер студенттер оқудың бірінші күнінен бастап өздерін шығармашылық жағынан терең ойлай білуге, сыни және креативті сезінуге бастайтындай етіп жасалған.
Түлектер құрылыс ұйымдарында жұмыс істей отырып, көлік құрылысы, автомобиль жолдары, аэродромдар, көпірлер мен тоннельдердің, ғимараттар мен құрылыстардың жобаларын жасайды.