Көлік құрылыстары

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В166 Көлік құрылыстары Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Көлік құрылысы саласына: көлік құрылыстарын жобалау, монтаждау, реконструкциялау және пайдалану бойынша қажетті мамандарды даярлау. Түлектер «Техника және технологиялар бакалавры» ғылыми дәрежесін алып шығады.

Студенттер көлік құрылыстарын салу технологиясы, жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу, техникалық жабдықтар мен көлік құрылыстарын пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, құрылыс конструкцияларын есептеу және құрастыру, жол-құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру саласында білім алып шығады.

Студенттер экология мен тіршілік қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, көлік құрылымдарының, магистральдардың, аэродромдардың, көпірлер мен тоннельдердің элементтерін есептеуді және жобалауды, техникалық шешімдерді құруды, көлік құрылымдарын жасау мен қайта құрудың техникалық шарттарын әзірлеуге қатысуды үйреніп шығады.

Студенттер жол-құрылыс материалдары өндірісін ұйымдастыру, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін бригадаларды басқару, жол-құрылыс машиналарын пайдалану және жөндеу, көлік құрылысы кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыру және көлік құрылымдарын, автомобиль жолдарын, аэродромдарды, көпірлер мен тоннельдерді жобалау кезінде ескерілетін инженерлік-геологиялық, инженерлік-геодезиялық жұмыстар жүргізу дағдыларын үйреніп шығады.

Бағдарлама бойынша бір оқу және бірнеше өндірістік практика қарастырылған, бұл студенттерге 1-курстан бастап-ақ болашақта табысты еңбек етуге қажетті қолданбалы дағдыларды меңгеріп шығуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда құрылыс қарқынының артуына байланысты біздің түлектер жоғары сұранысқа ие болып отыр, олар құрылыс ұйымдарында, құрылыс индустриясының объектілерін жобалау, өндіру және пайдалану бойынша жетекші ұйымдарда инженерлер болып қызмет етеді.