Тау-кен және геомеханикалық процестерді цифрлық модельдеу
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Тау-кен және геомеханикалық процестерді цифрлық модельдеу саласында философия докторларын (PhD) – яғни геотехнология, геомеханика және ақпараттық технологиялар тоғысқан заманда тау-кен өндірісінің күрделі мәселелерін шешуге қабілетті жаңа буын мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасы. Бағдарлама ғылыми зерттеулерге, саланың тұрақты шешімдерін дамытуға және «жасыл» экономикаға көшу үрдісіне бағытталған.
Докторанттар тау-кен жұмыстарының жай-күйін болжау, тау-кен жұмыстарын жоспарлау және тау-кен өндіру компанияларының тиімділігін арттыру үшін цифрлық модельдерді әзірлеу әдістемесін меңгеріп шығады. Әсіресе тігінен интеграцияланған компаниялардың қосымша құн тізбегіндегі кірісті қайта бөлуге, бизнес-процестерді цифрландыруға және геологиялық ақаулар мен тектоникалық бұзылуларды ескере отырып жобалауға баса назар аударылады.
Бағдарламада теориялық, тәжірибелік және далалық зерттеулер, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы алынған мәліметтерді өңдеу қарастырылған. Докторанттар геомеханикалық модельдерді құру, массивтің кернеулі-деформациялық күйін талдау және өндірістік әрі экологиялық қауіпсіздік контекстінде жобалық шешімдерді бағалау үшін лицензияланған бағдарламалық өнімдерді пайдалануды үйренеді.
Бағдарлама түлектері тау-кен өндіру компаниялары мен ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлер, зерттеушілер, инженерлік-конструкторлық бөлімдердің басшылары, тау-кен өнеркәсібіндегі геомеханика және цифрлық технологиялар бойынша сарапшылар, тұрақты даму және цифрлық трансформация мамандары ретінде жоғары сұранысқа ие болады.