Жерге орналастыру және кадастр

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В075 Кадастр және жерге орналастыру Математика - География
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
zemleustroystvo-i-kadastr
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Жерді бағалау және өлшеу жұмыстарымен айталысатын кәсіби мамандарды даярлайтын беделді бағдарлама.

Білім алушылар жер қатынастарын реттеу, жерді пайдалану және қорғау, жер ресурстарын бағалау, аумақты табиғи ландшафттарды жақсарту салалары бойынша білім алып шығады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын реттеудің нормативтік-құқықтық базасын, жерге орналастыру және кадастр жұмысын басқару мәселелерін, мемлекеттік жер кадастрының теориялық негіздерін, жерді кадастрлық бағалаудың нормативтік-құқықтық негіздерін, сонымен қатар нарық жағдайында кадастрлық қызметті басқарудың ерекшеліктерін зерттейді.

Жерге орналастыру жұмыстарының көлемі мен персонал балансын құру, жер мен жылжымайтын мүлікті пайдалануды бақылау, жер ресурстары жүйесін құрылымдау, цифрлық кадастрлық жоспарлар мен карталарды құру және жаңарту бағдарламаларында жұмыс істеу дағдыларын алып шығады. Жер кадастры мәселелерін шешу үшін, олар ГИС технологияларын қолдануды, кадастрлық және жерге орналастыру мәселелерін шешу үшін, спутниктік түсірілім деректерін өңдеуді және талдауды үйренеді.

Студенттер Алматы қаласының жер кадастры және жылжымайтын мүлік департаментінде, «Alau Solutions», «ГИСХАГИ», ҚМУ жер қатынастары бөлімінде, «Tin One Mining», «Геотроникс», KazGeoCompany, «Topoplan-3D» компанияларында өндірістік тәжірибеден өтеді. Сонымен қатар студенттер академиялық алмасу бағдарламаларына қатысып, Қытай тау-кен және технология университетінде, Мичиган техникалық университетінде (АҚШ), Санкт-Петербург тау-кен университетінде, РҒА-ның Кенді кешенді түрде игеру мәселелері жөніндегі институтта (РФ) білім алады.

Түлектер әртүрлі мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда жерге орналастырушы және кадастр мамандары, жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі инженерлер, жер қатынастары бөлімшелерінің мамандары ретінде қызмет істеп, құрылыс жобаларын да басқарады.