Акатаев Нұрбол Нұртасұлы

Акатаев Нұрбол Нұртасұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті

calendar
Оқу жылдары: 2000-2022 жж.
cap
Мамандығы: "Ақпаратты қорғау және қауіпсіздік"

Мен, Акатаев Нұрбол Нұртасұлы, ауылдың орта мектебін 2000 жылы үздік тәмамдап, сол жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің перспективті мамандықтарының бірі «Ақпаратты қорғау және қауіпсіздік» бағытына оқуға түстім. Сол уақыттан бастап менің өмірім аты аңызға айналған Политехпен және ақпараттық қауіпсіздікпен тығыз байланыста болған екен.

Университеттің бакалавр, магистратура және докторантурасын сәтті тәмамдап, қазіргі уақытта мамандығым бойынша «Киберқауіпсіздік, ақпараттарды өңдеу және сақтау» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарудамын.

Сонымен қатар, он жылдам астам уақыт ұлттық қауіпсіздік органдарының орталық аппаратында қызмет атқарып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаментінде жұмыс істеймін.

Университет қабырғасында жастық шақтың ең қызықты жылдарын өткізіп және жаныма жақын достарды кездестіріп, болашақ жарыммен танысқан екенмін.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы білім нәрімен сусындауыма және тұлға ретінде қалыптасуыма теңдесіз үлес қосқанын ерекше атап өткен жөн. Атап өтер болсақ, менің ардақты ұстаздарым – т.ғ.к., проф. Тұрым А.Ш., т.ғ.к., проф. Айтхожаева Е.Ж., PhD, қ.проф. Әлімсеитова Ж.К., аға оқытушы Мұстафина Б.М. және басқалары. Мен оларды әрқашан ризашылықпен еске аламын.

26 сәуір 2024 131
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.