Ақпарат:

Ақбаров Ерлан Есенәліұлы

Ақбаров Ерлан Есенәліұлы

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі «Южказнедра» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық департаментінің жетекшісі

calendar
Оқу жылдары: 1993-1997 жж.
cap
Мамандығы: "Жалпы және құрылымдық геология"

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына 1993 жылы оқуға түстім, ол кезде де ҚазПТИ өзім таңдаған геология саласы бойынша мамандар дайындайтын үздік университет болып саналатын. Сондықтан «Тау-кен геолог-инженері» мамандығын таңдадым. Оқу кезінде «Жалпы және құрылымдық геология» сүйікті пәнім болғаны түсінікті деп ойлаймын.

Оқытушылардың ішінен көбінесе  Х.Х. Парагульков пен Г.Ж. Жолтаевты жиі еске аламын.

Университеттегі алғашқы практика көңілге жылы ұшырайды. Қол жеткізген құнды дүние – нақты саладағы мамандардың бөліскен білімі мен кеңесі. Менің дипломдық жобам – «Қарағанды алабының кенді-геологиялық жағдайларына бейімдеу арқылы антиклин құрылымды зоналардың көмір қабаттарында ұңғымаларды бұрғылау технологияларын әзірлеу» деп аталды.

Қол жеткізген құнды дүние – нақты саладағы мамандардың бөліскен білімі мен кеңесі.

Өзімнің еңбек жолымды «ӨзенМұнайГаз» АҚ-да оператор жұмысынан бастап, ұзақ еңбек жолды өттім деуге болады. Бүгінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Алматы қаласындағы Оңтүстік Қазақстан өңіраралық департаменті жетекшісінің міндетін атқарушысымын.

Шақырылған лектор ретінде баяндама жасағыңыз келе ме деген сұраққа геология және көмір қабаттарындағы метанды өндіру пәнін жүргіземін деп жауап берер едім.

Болашақта ҚазҰТЗУ-ды Қазақстандағы ғылыми-инновациялық зерттеулер мен дәлдігі жоғары өндірістің инфрақұрылымы дамыған ірі ғылыми-білім беру кешені ретінде елестетемін.

Қазіргі студенттерге мынадай кеңес бергім келеді: оқу мен жұмыстан күтеріңізді жазып қойыңыз. Бұл сізге өзіңіз бен өмірдегі мақсатыңызды жақсы түсінуге  көмек береді.

12 желтоқсан 2019 10311
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту