
Азизов Эльдар Аликович
Ауыл шаруашылығы аэрофогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты директорының орынбасары


2008 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Геодезия және картография" мамандығы бойынша, 2011 жылы University of International Business (Халықаралық бизнес университеті) "Қаржы" мамандығы бойынша бітіріп, 2015 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін бітіріп, техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алды.
2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Қазгеокарт" РМҚК Жерді қашықтықтан зондтау бөлімінің картографы, аэрофотогеодезисті, 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің геодезия, картография және геодезиялық бақылау департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаменті геодезия және картография басқармасының бас маманы, 2014 жылғы наурыз-маусым аралығында Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" РМҚК "Солтістікгеодезия" филиалы директорының орынбасары-бас инженері болып жұмыс істеді.
2014-2018 жылдары жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" РМҚК "Солтүстікгеодезия" филиалының директоры болып жұмыс істеді.
2018-2020 жылдары "Dives Group"ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді.
2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "АШАГІМИ" РМК өндірістік-техникалық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Ауыл шаруашылығы аэрофогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАГІМИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.
Кәсіби жол - бұл жай ғана лауазымдар мен атақтар тізбегі емес, үнемі даму, жаңа биіктерге ұмтылу және өз күштеріне сену. Картографтан басшылық қызметке дейінгі жолды жүріп өткеннен кейін мен табысқа еңбекқорлық, білімге ұмтылу және өз ісіме берілгендік арқылы қол жеткізілгеніне көз жеткіздім.