Ақпарат:

Батиев Руслан Ақатұлы

Батиев Руслан Ақатұлы

«ҰАК «Қазатомөнеркәсіп» АҚ Басқармасының төраға кеңесшісі

calendar
Оқу жылдары: 2002-2005 жж.
cap
Мамандығы: "Металлургия және минералды өңдеу"

2002 жылы екінші курстың басында мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ден Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Ұнтақты металлургия және композициялық материалдар мен жабындылар» мамандығына ауысып келдім. Неліктен мен металлург мамандығын таңдадым? Өйткені біздің елімізде, меніңше, нақ осы металлургия саласына өзгерістер енгізіп, өзіндік құны жоғары дайын өнімді бірден алу технологиясын енгізу керек.

Университетте оқып жүрген кезімде «Сызу геометриясы» менің сүйікті пәнім болатын, ал басқа көптеген студенттер дәл сол сабақтан қиналушы еді. Кез келген детальдың қандай боларын мен көз алдыма елестетіп, оның пішінін тез-ақ сызып тастайтынмын. Маған бәрінен де қиын болғаны – «Физколлоидты химия» пәні еді, оған, әрине, ең алдымен өзім кінәлімін. Химия пәні оңай ғой деп, мен бұл сабаққа басында аса мән бермедім, ал кейіннен зертханалық жұмыстар мен тест тапсыру кезеңі басталған кезде ғана мен өз қатемді түсіндім. Сондықтан негізгі пәндерді ысырып қойып, көп уақытымды осы пәнге арнадым. Қазір ол үшін еш өкінбеймін, өйткені бұл менің мамандығымның негізі болып табылады. Пән оқытушысы Сара Құсайыновнаны қазір ризашылықпен есіме аламын.

Ал қазіргі студенттерге айтарым: «Өз мамандықтарыңа адал болыңдар! Келешек – сендердің қолдарыңда! «Не ексең – соны орасың» деген ұлағатты сөзді ұмытпаңдар».

Студенттік кезең мені ең алдымен үлкен өмірге дайындады. Елдегі осынау бір алдыңғы қатарлы техникалық оқу орнында оқитынымды, оны Қазақстан экономикасының дамуына сүбелі үлес қосқан талай тарландардың бітіргенін мақтан тұтып, өзім солардың бірі екенімді сезінетінмін.

Университет бітіргеннен кейін мен кен орындарында, өндірісте жұмыс істеймін деп жоспарладым. Біраз тәжірибе жинақтап алып, менеджментке ауысып кетем деп ойладым. Сөйтіп, уран өндірумен шұғылданатын БМ «КАТКО» ЖШС-не мастердің көмекшісі болып орналастым. ҚазҰТЗУ-дан алған білімім маған мансап бойынша жоғарылауға, бас технолог лауазымын атқарып, зауыттың өңдеу жұмыстарына басшылық етуге көмектесті. Университет қабырғасында оқып жүріп-ақ мен теориялық білім алумен қатар көпшілікпен жұмыс істеуді үйреніп, көшбасшылық қабілетімді жетілдірдім.

Оқытушыларым секілді келешекте білген-түйгенімді жастарға үйретіп, өз тәжірибеммен бөліссем деймін. Ал қазіргі студенттерге айтарым: «Өз мамандықтарыңа адал болыңдар! Келешек – сендердің қолдарыңда! «Не ексең – соны орасың» деген ұлағатты сөзді ұмытпаңдар».

14 қаңтар 2020 9382
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту