Есқұлов Серікжан Сағатұлы
««Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бірлескен Қазақ ядролық университетінің әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына 1976 жылы түстім. Политех – Қазақстандағы ең үздік техникалық ЖОО болғандықтан, мақтанышым шексіз еді. Мен металлургия факультетіндегі «Түсті металлургия зауыттарының механикалық жабдықтары» мамандығын таңдадым.
Мен ақыл-ой жүйесі тұрғысынан техникаға жақын адаммын, сондықтан да көбіне қиыншылық тудыратын «Материалдар кедергісі» (Зифа Матеновна), «Машина мен механизмдер теориясы» (К.С.Иванов) пәндерін ұнататынмын. Ал «Сызу геометриясы» пәні басында қиын болды, өйткені алғашқы сабақтарын жіберіп алған болатынмын. Сол кезде мен Есмұхановтың оқу құралын (ҚазПТИ баспасы) алып, барлық оқу курсын өзім оқып, емтиханды «өте жақсы» деген бағаға тапсырғаным әлі есімде.
Біздің тәрбиемізге олар бар жанын салатын, өмірдегі хикаяларымен бөлісіп, қиын жағдайларда қол ұшын беретін.
Шынымды айтсам, маған сабақ берген оқытушылардың көбі есімде. Досымов Көбеген Байдаулетұлы – өте жақсы кафедра меңгерушісі, тамаша адам, менің ғылыми жетекшім болды; Куницын Николай Михайлович – тәжірибелі дәріскер. Садықов Жанарстан Садықұлы – тамаша декан, үлгі тұтатын адам.А.Кондауров – тамаша зеңбірекші-маман. Біздің тәрбиемізге олар бар жанын салатын, өмірдегі хикаяларымен бөлісіп, қиын жағдайларда қол ұшын беретін. Солардың арқасында болашақ кәсіби қызметіміздің негізі қаланды.
Менің алғашқы атқарған қызметім – «Металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары» кафедрасының ассистенті. Жалпы, мен университетте 20 жылдан астам жұмыс істедім.
Сәтбаев университеті – жаңа форматта жаңа талаптарға сай келетін ҚазҰТЗУ алдыңғы тарихи дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, Қазақстан мен Орта Азиядағы №1 техникалық университет болып қала береді деген сенімдемін.