Ақпарат:

Қабылдин Қайыргелді Мақсұтұлы

Қабылдин Қайыргелді Мақсұтұлы

ҚР үкіметімен байланыс бойынша Бас директордың орынбасары, «Каспий құбыр желісі консорциумы» АҚ

calendar
Оқу жылдары: 1970-1975 жж.
cap
Мамандығы: ""

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, бұрынғы ҚазПТИ-ге мен 1970 жылы мектепті бітіргеннен кейін түстім. Мен «Автоматика және есептеу техникасы» мамандығын таңдадым, өйткені сол кезде, бүгінгі тілмен айтқанда, креативті және заманауи мамандық болды. Жастар сияқты мен де заман талабына сай болғым келді. Әлбетте, мен бірден университетке қабылданғаныма бақытты едім. Сондықтан бар арманым жақсы оқу және оны сәтті бітіру еді.

Негізінен, университетте оқытылған пәндер мен үшін оңай болды. Әсіресе, «Машиналар мен механизмдер теориясы», «Есептеу техникасының негізі» сияқты пәндер ұнайтын. Бірақ «Бағдарламалау» деген пәнді түсіну мен үшін қиындық тудырды. Өйткені мектепте бұндай пән оқытылмады. Мысалы, «есептеудің екілік жүйесі» сияқты түсініктер мен үшін қараңғы қапас сияқты еді. Сондықтан қосымша дайындалуға тура келді. Ол үшін кітапханаға барып, қосымша әдебиеттер оқыдым. 

Мен жақсы оқыдым, емтихандардан «құлаған» кезім болмады. Бұған оқытатын пәндерін жетік білетін, жоғары білікті, өз ісінің кәсіби мамандары болған оқытушыларымның арқасында жеттім десем артық айтқаным болмас.

Университет қабырғасында материалтану, электртехника мен ақпараттық технологиялардан бастап әртүрлі салаларда жақсы инженерлік білім алдым. Алған білімімнің кәсіби қызметімде көп көмегі тиді.

Өзімнің кәсіби қызметтегі жетістіктерім үшін Университетке борыштармын.

Оқуға түскен және 1975 жылы оқуды бітірген жылдарым – кеудемді мақтаныш кернеген, ең жылы әрі жарқын кездерім. Бірақ оқуды бітіргеннен кейін мені және курстастарымды кенеттен Кеңес Армиясының қатарына офицерлік қызметке шақырды. Тек екі жылдан кейін 1977 жылы   Казспецавтоматика тресіне инженер болып орналастым. 

Өзімнің кәсіби қызметтегі жетістіктерім үшін Университетке борыштармын. Ол менің мәселелерді жүйелі шешу сияқты дағдыларымның қалыптасуына негіз болды. Өйткені ақпараттық технология жүйелі техникаға негізделеді. Мұндай тәсілді инженер қызметімнен бастап басқарушы қызметіме дейін қолданып келемін.

Оқытушылық қызметпен айналысқым келе ме? Мүмкін, болашақта өскелең ұрпақпен өз тәжірибеммен бөлісу үшін оқытушылықпен айналысармын. Бірақ мынаны нақты айта аламын: қазіргі заманда ІТ-технология білімінсіз алға жылжу мүмкін емес. Оларды білу жеткіліксіз, оларды математикалық модельдеу үшін дұрыс қолдана алу қажет. Сондықтан ҚазҰТЗУ студенттерінің осы бағытқа ерекше назар аударғаны жөн.

Бүгінде ҚазҰТЗУ-дың 85 жылдық тарихы бар. Қара шаңырақтан Қазақстанның стратегиялық маңызды нысандарында қызмет етіп жатқан және еліміздің дамуына өзіндік үлестерін қосып жатқан  жетекші қызметтегі мыңдаған студент қанат қақты. Бүгінгі студенттерге айтарым: үздік оқу орнында оқитындарыңызды мақтан етіңіздер! Сәтті бастамадан кейін дара жолдарыңызды еркін әрі сенімді жалғастыруларыңызға, білім алу жолындағы қиындықтардан тайсалмай өтулеріңізге тілектеспін. Университет қабырғасында өткен әр күндеріңіз қызықты және жаңа білімге толы болсын! Әрине, әр бастамада сәттілік тілеймін!

25 қыркүйек 2020 7240
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту