Ақпарат:

Ужкенов Болат Сұлтанұлы

Ужкенов Болат Сұлтанұлы

Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының, «ҚазГEO» Қазақстан геологиялық қоғамының және «ҚазГEO» геологтар одағының президенті

calendar
Оқу жылдары: 1973-1978 жж.
cap
Мамандығы: "Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау"

Университетке 1973 жылы түстім. Ол сол кезде де, қазір де көпшілікті өзінің салт-дәстүрлерімен, берік білім алу мүмкіндігімен тартады. Бұл университетті таңдау шешіміме оның жан-жағы бірегей, әдемі табиғатымен ерекшеленетін әсем Алматы қаласында орналасқаны маңызды рөл атқарды. Мені барлық мамандықтардың ішінен геологиялық барлау факультетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы қызықтырды және оны таңдай отырып, көп қырлы, күрделі, бірақ таңқаларлық қызықты ғылым – геология туралы неғұрлым толық білім береді деп есептедім.

Оқу барысында менің «сүйікті» немесе «ұнатпайтын» пәндерім болған емес. Олардың барлығы бір жағынан «сүйікті», кей жағынан онша емес болатын. Бірақ олардың барлығы геологияны тану үшін өте пайдалы болды. Кеңес Одағының көптеген жоғары оқу орындарында біздің факультеттің тамаша профессорлық-оқытушылық құрамындай мақтануға тұрарлық оқытушылар болмады. Оқытушылардың барлығы менің есімде, олардың бәрін жиі есіме аламын, маған берген өмір сабақтары және сіңірген білімдері үшін бәріне ризамын. Толағай білімді, жоғары кәсіби білікті, интеллектуалды, ғажайып, геологияға берілген адамдар.

Институтты бітіргеннен кейін менің алғашқы жұмысым ОҚ АГБ іздеу-түсіру экспедициясы болды. Ол кезде менің аймақтық геологиямен айналысқым келді және «далада» жұмыс істеп, тәжірибе жинамақ болдым. Әрі қарай әртүрлі қызметте, бірақ әрдайым геологиялық салада жұмыс істедім және қазіргі кезде мен Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының, «ҚазГEO» Қазақстан геологиялық қоғамының және «ҚазГEO» геологтар одағының президентімін. Көп жағдайда тек Университет мені тұлға ретінде, кәсіби геолог ретінде қалыптастырды. Одан кейін өмір бойы мамандықтың өзі мақсатқа жетуде табандылықты, қиындықтарда дүрбелең туғызбауды, командамен жұмыс істей білуді, әріптестерді құрметтеуді және үнемі үйренуді, кәсіби біліктілігіңді жетілдіруді талап етті.

Мен барлығына білімдері мен өмірлік сабақтары үшін өте ризамын.

Университетке оқытушы ретінде қайтып оралғым келе ме? Ойласам, жоқ, себебі оқытушы қандай қасиеттерге ие болуы керек екенін жақсы білемін. Бұл керемет жанқиярлық және өз ісіне деген сүйіспеншілік, кең көлемді көзқарас, энциклопедиялық білім, сонымен бірге пәнді аудиторияға жеткізуге қабілетті, өте төзімді, дарынды адам болуың керек.

ҚазҰТЗУ-ды, қазіргі Сәтбаев университетін болашағы жарқын, жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған, сөзсіз, барлық жағынан бәсекеге қабілетті заманауи ғылыми-білім беру орталығы ретінде көріп отырмын.

Қазіргі заманғы студенттер өздері таңдаған болашақ мамандығын жақсы көруі керек, әрқашан сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін білімге деген құштарлықты жоғалтпау керек, және, әрине, ҚазПТИ - ҚазҰТЗУ - Сәтбаев университеті беделін төмендетпеуі керек! Өйткені сіздер бай тарихы және қалыптасқан дәстүрлері бар ірі ғылыми-білім беру мекемесінің студенттері атану бақытына ие болдыңдар. Мұнда біздің республикамыздың атақты азаматтары оқыды. Сіздер өмірдің ең қызықты, тамаша кезеңіндесіздер. Студенттік уақыт ... Бұл шынайы достарды, дана ұстаздарды табатын, уақыт өте келе өмірдегі орныңды табуға көмектесетін білім мен білікке ие болатын мезгіл. Университеттік жылдарыңыз сіздер үшін шын мәнісінде жемісті болсын!

Бір кезде «Политех – ең жақсы!» деп айтатынбыз. Енді, жас ұрпақ, сіздің кезек. Сәтбаев университеті ең үздігі болсын!

5 наурыз 2021 4974
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту