15 сәуір 2024 725

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Сәтбаев Университетінде Kazakhstan Smart Space халықаралық байқауы өтті

 Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Сәтбаев Университетінде Kazakhstan Smart Space халықаралық байқауы өтті

Үшінші халықаралық Kazakhstan Smart Space байқауы Trizathlon project жобасы аясында Цифрлық экономика көшбасшыларының 7-ші Еуразиялық саммиті мен «Экономиканың базалық секторларын цифрландырудағы ғарыштық технологиялар және олардың рөлі» атты II халықаралық конференциясының арнайы іс-шарасы ретінде өтті.

Байқау аясында қатысушылар техника мен технологияның ғарыш секторы үшін қолданбалы шешімдерді әзірлейді, жобалық үздік командалар «Халықаралық ғарыштық желілік қоғамдастығы (MK2С – білім беру – ғылым – кәсіпкерлік) бастамашыл индустриалды-инновациялық және ғылыми-білім беру бағдарламасының бизнес-жобаларының бір бөлігі болу мүмкіндігіне ие болады. Ал жеңімпаздар AЗTM, Халықаралық ғарыш мектебі – колледж – университетте («Хакспейс» инженерлік-ғарыштық мектебі) және Байқоңыр қаласының маңында планетааралық ғарыш айлағын құруды көздейтін «Байқоңыр» ғарыш айлағы жобасында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Осы орайда байқауға тек студенттер ғана емес, мектеп оқушылары да қатыса алады – ұйымдастырушылар жоғары технологиялар саласындағы ғылыми шығармашылық пен технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылық танытатын дарынды мектеп оқушыларына қолдау көрсетеді. Байқау екі номинациядан тұрады: жарыстық және шығармашылық.

2024 жылғы байқаудың финалына әртүрлі елдердің 40 жоғары оқу орнынан келген 80-нен астам жобалық командалар қатысты.

Байқаудың бас демеушісі – «Центр Кредит Банк», оған Profland және Inspations компаниялары қосылды. Байқау Сәтбаев Университетінің базасында өтті, ал ұйымдастырушылар қатарында сондай-ақ Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы, «Eurasian Space Ventures» компаниясы және Қазақстандық жобаларды басқару институты бар.

Осы байқау шеңберінде Алматыда алғаш рет Ғарыш апталығы өтті, оның аясында әртүрлі турнир мен шеберлік сабақтары, сарапшылармен бірге телеконференциялар, тағылымдамадан өту жолдарымен таныстыру, жеделдете білім беру бағдарламалары және ғарыш саласының серіктес кәсіпорындарының инновациялық тапсырмалары өтті. Бұл тапсырмалар конкурстық бағдарламаны толықтырып, оны одан сайын жарқын және ауқымды ете түсті. Ал Ғарыш апталығының нағыз апофеозы – Space Cup KZ Smart Space 2024 команда капитандарына арналған «SpaceTech саласындағы жобаның үздік жас менеджері» атағын жеңіп алу үшін өткізілген арнайы турнир болды. 

Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және ғарыш технологиясы саласына келген жастарға қош келдіңіздер дейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту