Ақпарат:

14 желтоқсан 2018 14248

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні  құтты болсын!

Сәтбаев университетінің ректоры Искандер БейсембетовҚымбатты отандастар, әріптестер!

Сіздерді еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке еліміз үшін ең маңызды, әрі ұлтымыздың өзіндік сана-сезімінің қалыптасуы мен өз тағдырын өзі шешіп, экономикалық тұрақтылық пен қоғамдық келісімге жету жолындағы еңбегімен тығыз байланысты ерекше мереке болып табылады. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі – тұрақтылығымыздың белгісі, оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы», – деген қанатты сөздері әрқайсымыздың ұранымызға айналды. Өткен отыз жылдан аз уақыт шамасында Қазақстан өз тарихи дамуын түгелімен өзгертіп, мықты мемлекет орната білді, әрі әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірді. Мұның бәрі ел Тәуелсіздігінің арқасында жүзеге асып отыр. Халқымыздың еркіндігі мен ұлылығын дәріптейтін бұл мереке сондықтан да біз үшін өте маңызды. Алдағы уақытта еліміздің гүлденуі жолында рухымыз асқақтап, жаңа жетістіктер мен табыстарға жете берейік!

Игі құрметпен,
Сәтбаев университетінің ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту