Қазақстан студенттерінің альянсы мен Сәтбаев Университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев студент жастардың мүддесін қорғау және оларға қосымша жеңілдіктер беру мақсатында Қазақстан студенттерінің альянсымен арадағы келісімге қол қойды.
Студенттер альянсының төрағасы, Сәтбаев Университетінің штаттан тыс омбудсмендері болып «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Ержан Оразбаев тағайындалды.
Қазақстан студенттерінің альянсы – студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын жастар ұйымы. Студенттер сапалы білімге қол жеткізе отырып, студенттер арасындағы надандықты, жоғары оқу орындарындағы парақорлықты жою, студенттер құқығының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету үшін одан сайын біріге түсті.
Университет пен Студенттер альянсы елімізді дамыту мен өркендету идеясы негізінде студенттерді біріктіруге, ұлттық жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге және қазақстандық студенттердің білімін насихаттауға күш салады. Егер де сіздерде университетті нығайту жөнінде жаңа идеяларыңыз болса немесе студенттік өмірде кездесетін мәселелердің шешімін тапқыңыз келсе, біздің Альянсқа қосылыңыздар!
Біз сіздерді күтеміз!