30 наурыз 2018 14722

Наурыз құтты болсын!

 Наурыз құтты болсын!

Сәтбаев университетінің Ректоры  Ескендір Бейсембетов

Наурыз – көктемгі күн мен түн теңесіп, табиғат жанданып, жаңа өмірдің басталғанын білдіретін қуанышты мейрам. Ол – көпұлтты Қазақстанда тұратын халықтардың бәріне дерлік ортақ мереке. Әсіресе бүгінгі таңда бұл көктем мерекесінің маңызы өте зор, өйткені мемлекетіміз алдыңғы қатарлы дамыған он елдің қатарына кіруге бағыт алған кезде халқымыз бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болып, экономикамыздың одан әрі жандануы бізге ауадай қажет.

Бұл мереке еліміз гүлденуінің, тұрақтылықтың және халықтар достығының символына айналды. «Наурыз мерекесінің қайта оралу тарихы – біздің тәуелсіздігіміздің тарихы», – деп атап өткен болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Өзіміздің шығу тарихымызға тереңірек үңілгеніміз бізге қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне төтеп беріп, болашаққа сеніммен қарауға күш береді.

Сәтбаев университетінің ұжымы атынан және өз атымнан Сіздерді көктемнің ең тамаша мереке – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Сіздерге жаңа шабыт, жаңа шығармашылық табыс және әрқашан жаңа жетістіктерге жете беруге тілектеспін!

 

Игі тілекпен,

Сәтбаев университетінің Ректоры

Ескендір Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту