10 желтоқсан 2018 5319

Сәтбаев университетінің оқытушылары дарынды балаларға арнап сабақ өткізді

 Сәтбаев университетінің оқытушылары дарынды балаларға арнап сабақ өткізді

2018 жылдың қараша айында Сәтбаев университетінің делегациясы Республикалық дарынды балаларға арналған «Балдәурен–Қапшағай» және «Балдәурен–Шымкент» орталықтарына барды.

Сәтбаев университетінің Химиялық және биологиялық технологиялар институтының директоры профессор Түйебахова Зоя Каимовна 7, 8 және 9-сынып оқушылары үшін химия пәнінен қызықты химиялық тәжірибелерді көрсету арқылы қызықты сабақтар топтамасын өткізді. Шеберлік сағатын өткізуге оған «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының ассистенті, магистрГ.Т.Ибраимова мен қазір ХжБТИ бірінші оқу жылының докторанты, магистр Г.К.Құсайынова көмектесті.

 «Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» (ГТПҚКОІжБ) кафедрасының меңгерушісі А.А.Бекботаева мен университеттің Минералогиялық мұражайының маманы Г.Т.Баудағұлова орталық оқушыларына «Минералдардың физикалық қасиеттері» тақырыбында сабақ өткізді. Балалар минералдардың диагностикалық қасиеттері туралы таныстыру баяндамасын тыңдап қана қоймай, қолдарына нағыз әдемі минералдарды ұстап көріп, олардың қаттылығын, жіктілігін, түсін және басқа да қасиеттерін зерттеді.

«Балдәурен–Қапшағай» және «Балдәурен–Шымкент» орталығының қызметкерлері Сәтбаев университетінің профессорлары мен қызметкерлеріне өткізген сабақтары үшін алғыс хаттар табыс етті.

Шымкент қаласына сапар барысында Сәтбаев университетінің қызметкерлері химия-биология және физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектептеріне барып, НЗМ директорларымен кездесті.

ХжБТИ директоры Зоя Каимовна Түйебахова мен ГТПҚКІжБ кафедрасының меңгерушісі Алма Анарбекқызы Бекботаева алдағы 2019 жылы мектеп  бітіруші түлектерге университеттің 85 жылдық мерейтойы және Қ. И.Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойы туралы, университеттің білім беру бағдарламалары, Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті институттарының түрлі мамандықтарына түсу шарттары туралы (Satbayev University), жоғары білікті мамандарды даярлаудың көптеген бағыттары туралы айтып берді.

Оқушыларға күнтізбелер мен блокноттар, «Химиялық және биохимиялық инженерия» сияқты жаңа білім беру бағдарламалары сипатталған проспектілер сыйға тартылды және Сәтбаев университетінің студенттері атануға шақырды.

Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы – Халықаралық «Артек» балалар орталығы мен Бүкілресейлік «Орленок» пен «Океан» балалар орталықтарын (Ресей Федерациясы) және «Зубренок» балаларды сауықтыру лагерьлерін (Беларусь Республикасы) есепке алмағанда, ТМД елдері мен Евразиялық кеңістікте баламасы жоқ, балаларға арналған тамаша орталық болып саналады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырысымен бірінші рет «Балдәурен–Көкшетау» орталығы Халықаралық «Артек» балалар орталығының баламасы іспетті 2004 жылы ашылған болатын. «Балдәурен–Қапшағай» 2017 жылы ашылса, ал «Балдәурен–Шымкент» орталығы 2018 жылы ашылып, осы жылғы 1 қазаннан бастап оқушыларды қабылдады. 

 Сәтбаев университетінің оқытушылары дарынды балаларға арнап сабақ өткізді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту