27 мамыр 2019 4169

Сәтбаев университетінің студенттері «Жастар дәстүрді дәріптейді» атты қалалық фестивальға қатысты

 Сәтбаев университетінің студенттері «Жастар дәстүрді дәріптейді» атты қалалық фестивальға қатысты

«Жастар дәстүрді дәріптейді» фестивалінің ең басты мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларына сәйкес, студент жастарды ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы келе жатқан мұраларына мойын бұрғызып, олардың құндылықтарын дәріптеу болды.

Алматы қаласының ЖОО арасында өткен іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша «Алатау» дәстүрлі өнер театры ҚазҰТЗУ-нің Студенттік шығармашылық орталығын «Жастар дәстүрді дәріптейді» атты қалалық фестивальға қатысуға шақырған болатын. Аталмыш фестиваль техникалық мамандықтары бар жоғары оқу орындары арасында өткен еді. Студенттер ата-бабамыздың ғасырлар бойғы ұлттық дәстүрлерін драмалық өнер жүзінде көрермендерге таныта білді.

Біздің студенттері байқауға «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклін дайындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының студенті Ислам Төремұратов «Ең үздік еркек рөлі» номинациясын жеңіп алды.

Байқау соңында ұйымдастыру комитеті белсенділік танытқаны үшін университет басшыларына алғыс хаттарын табыстады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту