Ақпарат:

7 маусым 2021 5524

Сулейман Демирел университетінде (Түркия ) Оқытушылар үшін Erasmus+ бағдарламасына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды

 Сулейман Демирел университетінде (Түркия ) Оқытушылар үшін Erasmus+ бағдарламасына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды

Түркия мемлекетінде орналасқан Сулейман Демирел атындағы университетте (Suleyman Demirel University Turkey) оқытушылар үшін халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды.

Академиялық жыл: 2021-2022  ж.ж.
Мемлекет: Түркия, Испарта қаласы.
Стипендиялар саны: 1 грант Satbayev University.
Оқыту бағыты: Химиялық технология және процестер.
Оқыту тілі: ағылшын.
Стипендия мөлшері 1 күнге 140 еуро  (7 күн ) және бір реттік сапарға 530 еуро құрайды.

Үміткерлердің құжаттарын қабылдау - 2021 жылдың 18 маусымына дейін.

Қажетті құжаттар:

  1. CV (e-mail адрес жазылған түйіндеме)
  2. Паспорт (шетелдік)
  3. Жұмыс жоспары
  4. Басылымдар тізімі
  5. Мотивациялық хат
  6. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификат – IELTS, TOEFL, Cambridge немесе Satbayev University ағылшын тілі кафедрасы берген Сертификат. Ағылшын тілін білу деңгейі орташа-B2 немесе одан жоғары болуы керек.

Қажетті құжаттардың толық пакеті international_office@satbayev электрондық поштасына "Suleyman Demirel University Turkey Application" атымен 18 маусым сағат 14:00-ге дейін кешіктірмей жіберілуі тиіс.

Халықаралық ынтымақтастық орталығы үміткерлерден міндетті ERASMUS формасын толтыру және кеңес алу үшін МГҒ 903 бөлмесіне 21 маусым 2021 ж. келуді сұрайды. Сізде барлық қажетті құжаттар мен ноутбук болуы керек.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық орталығына мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 7272 92 9019.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту