Ақпарат:

7 наурыз 2025 1406

Технологияның болашағы әйелдер қолында: Сапар Шалабаев Сәтбаев университетінің ғалымдары мен оқытушыларының ғылыми үлесі туралы айтып берді

 Технологияның болашағы әйелдер қолында: Сапар Шалабаев Сәтбаев университетінің ғалымдары мен оқытушыларының ғылыми үлесі туралы айтып берді

Сәтбаев университетінің Әкімшілік, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сапар Шалабаев жыл сайынғы Women in Business 2025 форумына қатысып, әйелдер қауымының ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесі туралы шабыттана сөз сөйледі. Проректор танымал әйелдердің жетістіктері туралы тыңдаушыларға айтып берді және әйел ғалымдардың идеялары мен инновацияларына университеттің қолдау көрсету жөніндегі көзқарастарымен бөлісті, әрі STEM-білім берудегі шығармашылық дағдылардың маңыздылығын, білім беру саласын цифрландыру және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Бүгін біз Сапар Шалабаевтың Women in Business 2025 форумында сөйлеген сөзінен үзінді жариялап отырмыз:

 

Сәтбаев университеті жай ғана оқу орны емес. Бұл идеялар зертханасы, эксперименттер мен стартаптар кеңістігі, Think different ұраны мен әлемге басқаша көзқарас өркендейтін орын. Ал осы талант пен жаңашылдық алаңына әйелдер – ғалымдар, оқытушылар, мамандар үлкен үлес қосуда.

Университет қызметкерлерінің 58%-ы, яғни мыңға жуық адам әйелдер. Сәтбаев университетінде ғалым әйелдер материалтану, жасанды интеллект, энергетика және инженерия салаларында зерттеулер жүргізіп, инновациялық жобалар әзірлеуде және озық әдістерді оқу процесіне енгізуде. Олардың еңбектері халықаралық конференцияларда жоғары бағаланып, ғылыми әзірлемелері өндіріс пен болашақ технологияларында қолданылуда.

Сәтбаев университетінде 65 жыл бойы Қазақстандағы ең ғажайып ғалымдардың бірі – профессор Маржан Нұрпейісова еңбек етіп келеді, ол докторлық диссертациясын дайындап, оны мемлекеттік тілде қорғап шыққан тұңғыш ғалым ретінде тарихта аты қалған зерттеуші әйел. Бұл құрметті жан – тау-кен инженері, маркшейдер, әлі күнге дейін шахтаға өзі түседі. Әрі А.Ж. Машановтың геомеханика бойынша ғылыми мектебінің ізбасары, көптеген ғылыми жаңалықтардың авторы, ол жер бетінде болып жатқан техногендік апаттардың қаупін азайту және бақылау жұмыстарымен әлі күнге дейін айналысады.

Университеттің оқу ісімен академиялық мәселелер жөніндегі проректор Раиса Өскенбаева айналысады. Білім беру ісін тамаша ұйымдастырушының күш-жігері арқасында Сәтбаев университеті республикадағы алғашқы университеттердің бірі болып, өз студенттеріне Coursera бойынша ең үздік IT курстарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Раиса Қабиқызы да өз еңбек жолын Сәтбаев университетінде 1981 жылы бастаған. Оның жетекшілігімен университетте «Бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы» бағыты бойынша PhD білім беру бағдарламасы ашылды. Университетте үнемі беймәлім болып қала беретін жоғары білім сапасына ол әрдайым назар аударып отырады.

Міне, бұл Қазақстандағы тұңғыш техникалық университет жұмысына әйелдердің қаншалықты үлес қосып жатқанын көрсететін жүздеген таңғажайып мысалдардың тек екеуі ғана.

Еліміздің өнеркәсіп өндірісі мен экономикасының негізін қалаған ұлы ғалым-геолог Қаныш Сәтбаев былай деген еді: «Табиғаттың Ұлы кітабының кейде күрделі және түсініксіз, бір-біріне ұқсамайтын бөлшектерінен жеке беттерінің түпнұсқасын, шынайы мәтінін жаңғыртып, қайта жасап шығу үшін, геологтың бойында фактілерді мұқият бақылаумен қатар, шығармашылық қиял күші де айтарлықтай болуы керек». Ал Сәтбаев университетінде біз тек қиял күші мен шығармашылыққа ғана емес, қоғамның барлық мүшелерінің жан-жақты толық дамуына да аса көңіл бөлеміз. Сондықтан әйелдерге деген көзқарас, ғылым мен технологиядағы және кәсіпкерліктегі әйелдерге қолдау көрсету университет стратегиясында ерекше орын алады.

Әйелдер әзірлеген инновациялық шешімдер әлемді өзгертеді деп сенеміз. Сәтбаев университеті әйелдердің кәсіпкерлігін, техникалық білім алуы мен ғылыми зерттеулерін қолдау үшін барлық жағдайды жасайды. Біздің университетте зерттеуші әйелдердің саны артып келеді, ал түлектер арасында табысты іскер әйелдер, инженерлер, әзірлеушілер мен стартап негізін қалаушылар жетіп артылады. Біздің бәрімізді инновациялар, кәсіпкерлік пен болашақтың білімі біріктіреді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту