2 қараша 2023 1705

«Жоо үздік оқытушысы - 2023» республикалық байқауы 1 қарашада басталды

 «Жоо үздік оқытушысы - 2023» республикалық байқауы 1 қарашада басталды

«Жоо үздік оқытушысы-2023» республикалық конкурсының I кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 қарашасынан 10 қарашасына дейін жалғасады.            

Байқау екі кезеңде өткізіледі – ЖОО ішінаралық және республикалық. «Жоо-ның үздік оқытушысы» конкурсына қатысу үшін өтінім мен құжаттар ақпараттық жүйе арқылы электрондық форматта қабылданады. Бұл байқаудың ашық түрде жүргізілетінін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі (кемінде 5 жыл) және оқытушылық және ғылыми қызметінде жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары қатыса алады.

Байқаудың  мақсаты оқытушылардың қызметтегі беделін арттыру және жоо оқытушыларын одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру болып табылады.         

Байқаудың екінші кезеңі 2022 жылдың 17 қарашасынан 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ - нен (Satbayev University) 1 кезеңге «ЖОО үздік оқытушысы-2023» байқауына 48 үміткерден өтінім берілді.

Сұрақтар туындаған жағдайда Кеңсе тіркеуші оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөліміне хабарласуларыңызды сураймыз (ГУК 1-қабат). Ішкі тел. 74-44.

Барлық үміткерлерге сәттілік пен табыс тілейміз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту