29 сәуір 2022 4685

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар және докторанттар!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке біздің әрқайсымыз үшін өте қымбат.

Тәуелсіздік жылдарында халықтың келісімі мен бір-біріне өзара қолдау көрсетуі еліміз үшін баға жетпес байлыққа айналды, соның арқасында біз мемлекеттік егемендігімізді нығайтып, халықаралық қоғамдастық алдында жоғары беделге ие болдық, әрі зор құрметке бөлендік.

«Бірлік әртүрлілікте» қағидасын ұстана отырып, біз әлі де барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз, сөйтіп алға қойған мақсаттарымызға жетеміз!

Баршаңызға зор денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!

Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту