1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді және бүкіл қазақстандықтарды 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – біздің халықтың дүние жүзінің ең мықты деген елдері халықтарымен тең дәрежеде болуына көмегін тигізетін береке-бірліктің, ынтымақтастықтың мерекесі.
«Халықтың ынтымағы мен бірлігі – еліміздің биік жетістіктері мен жеңістерінің негізгі мықты тұғыры болып саналады», – деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Бүгінгі таңда біздің университет қабырғасында 30 астам ұлттың өкілдері білім алып, еңбек етеді. Біз бәріміз бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының озық технологиясының дамуына, бір-бірімізді рухани және ғылыми тұрғыда байытуға, сондай-ақ болашақта Отанымыздың гүлденуі мен ұрпағымыздың бақытты өмір сүруіне сүбелі үлесімізді қосып келеміз.
Атаулы мереке күні Сіздерге аманшылық пен өзара ауызбіршілік, сәттілік пен бақыт тілеймін! Өзара ауырбіршілігіміз бізді әлі де талай-талай ғылыми жетістіктерге жеткізеді деп сенемін.
Илі тілекпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры Ескендір Бейсембетов